1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде



бет5/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесін – кәсіби құзыреттілікті анықтайды.
В.А.Сластенин бойынша, педагогтың кәсіби құзыреттілігі – педагогтың кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық даярлығы мен қабілеттерінің бірлігі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов, Б.Г.Гершунский, М.Н.Сарыбеков, Ш.Т.Таубаева және т.б. ғалымдар зерттеді.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін, іскерлігін – құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі. (3-сурет).




Сурет-3. Мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның кәсіби және даралық қасиеттерімен сипатталады:



  • іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейі;

  • көзделінген іскерлік, дағды, қабілетті меңгеруі;

  • педагогикалық іс-әрекетке жаңаша көзқарас;

  • инновациялық технологияны меңгеруі, кәсіптік іскерлігі;

  • шығармашылық шеберлігі, ізденушілік іс-әрекеті.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі.
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
1) Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере алу білігі.
2) Тәжірибенің үнемі толығып отыруы жағдайында педагогтың қажетті сапасы ретінде оның кәсібіндегі жаңа ізденушілік ахуалды туғызу білігі.
3) Кәсіби білікті мұғалім педагогикалық рефлексияға (өз ісіне талдау жасай алу), яғни сындарлы ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.
Ұлы шығыс философы әл-Фараби: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділдерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп, педагогтың тұлғалық қасиеттерін ерекше сипаттап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет