35.Әлеуметтік психологияға сипаттама беру Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психология — адамдардьщ, түтас топтардьщ әлеуметтік мінез-құлығьшың заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім жэне осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу эдістері мен осындай мінез құлыққа тиімді түрде эсер ететін қүралдар мен элеуметтік әсер ету технологиясыньщ жиынтығы, - деп қарастыруға болады. Әлеуметтік психология ғылымының маңызы — адам өмірінің барлық жақтары - қарым-қытынас, топ ішкілік және топ аралық қатынастарын құрылатынымен байланысты. Әсіресе, бұл ғылымның оқыту жэне тәрбиелеу практикасында, педагогикальщ эсерлесуді ұйымдастыруда маңызы зор.
Әлеуметтік психология мынандай сұрақтарға жауап іздестіреді:
1. «Мен»-«Басқа адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, яғни жеке адам аралық қатынас. Олардың бір-біріне әсері, адамдардың бір-бірін түсінуі жэне тану механизмдері, ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру.
2. Түрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-қылығы мен жеке адамдық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу. Әлеуметгену процесін (адамдардың элеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі ), элеуметтік күтінулерін, әлеуметтік таңдауларьш зертгеу.
3. «Мен»-нің элеуметтік жағдайларға эсері, қоршаған әлеуметтік ортаға адам эсерін зерттеу. Адамды өз өмірінің қожасы өзі, өзінің әлеуметтік байланыстары, родцері мен өмірдегі өз позиңиясының иегері ретінде қарастырады.
4. «Топ»-«топ» жүйесіндегі қарым-қатынастар. Әлеуметтік психология топтарды біртұтас элеуметтік жүйе ретінде қарастырады. Ол өз бетімен дамып, жетіліп калыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарымқатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бірбіріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі элеуметтік топтардьщ әсер етуінің психологиялық механизмдсрін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады. Сонымен, әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелері: жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар жэне жеке адам деп белгілеуге болады