38.Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтау Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші — баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім — өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік — кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Көрнекті педагог К.Д.Ушинский: «… Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен ауыстыруға көнбейтін тәриелеушілік күшке ие,-» деген болатын.
Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың, нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педегогикалық негізде ойлай білуге, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат үстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.
Тәрбиеші - тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу,жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог.
Тәрбиешінің мақсаты
Қазіргі заманауи әлемде дене және адамгершілік жағынан өздігінен өмір сүруге қабіліетті адамды дайындау. Егер мақсатты ойлау төмендегі талаптарды есепке ала отырып іске асырылса, онда олар табысты болады.
Диагностикалық, яғни психологиялық және даму бұзылыстары бар балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігін, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының талаптарын үнемі зерттеу негзінде алға жылжу;
Шынайылық, яғни нақты жағдайды есепке ала отырып алға жылжу және негіздеу;
Сабақтастық, яғни тәрбиелеу жұмысындағы барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланыстың болуы;
Мақсатты сәйкестендіруге қызметтің барлық қатысушыларын мақсатты ойлау үдерісіне қосу арқылы қол жеткізеді;
Нәтижеге бағытталу, егер тәрбиелеу мақсаты анық, нақты болған жағдайда, мақсатқа жету нәтижелерін анықтау мүмкін болады.
Тәрбиешінің негізгі міндеті – тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру және дамыту, әр баланың жеке тұлғасының дамуына көмектесу, әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуына жағдай жасау.