1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Адам санасы туралы түсініктің мазмұнын ашу



бет11/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

13.Адам санасы туралы түсініктің мазмұнын ашу
Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.
Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады.
Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады. ·жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:
1) ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;
2) өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;
3) әлеуметтік талап, өлшем – шектеулер – қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;
4)адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қимыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет