17.Сынып жетекішісінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру Сынып жетекшісінің құқықтары
1. Оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;
2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;
3. Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;
4. Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
5. Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек.
6. Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.
7. Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психодогиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін және оқушылардың ата- аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым- қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде
қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің жұмысы туралы" методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет.