14.Психологиялық алғашқы ағымдардың пайда болуын айқындау Психологияның көп ғасырлық тарихы бар: алғашқы ғылыми ойлар б.ғ.д. VI ғасырда пайда болды. Сондықтанда психология тарихының кезеңденуі сияқты сұрақтар көтерілуде. Психология тарихының кезеңденуінің міндеттері ретінде сол процестің бөлінуі, сатыларға ажырату, олардың әрқайсысының мазмұнын анықтау.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
15.Педагогтың сөйлеу мәдениетін көрсету Педагогтың сәйлеу мәдениеті
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі - еліміздің байлығының ең манызды белігі. Қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, ақын, аудармашы ғалымы Ахмет Байтұрсынов «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген болатын.
Педагог - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт бағдар беріп, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде оның мәдениетін айтпай кетуге болмайды. Адамдардың жан-жақты жетілулері адамның шығармашылық белсенділіктері мен мүмкіндіктерін дамыту мәдениеттіліктерін көрсете білудің нәтижесі.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Алдымен «мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді. Мәдениет туралы түсінікке әр ғалым әр түрлі анықтама береді.
«Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиын дейді тілші-ғалым М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық және рухани. Соның ішінде рухани мәдениетке жатады:
a) ойлай білу мәдениеті - өмірге талдау жасап қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу, жасампаздыққа жеткізу;
ә) педагогикалық мәдениет - ұзақ жылдар бойына жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі;
б)тіл мәдениеті - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану; сөйлеу мәдениеті - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі.
Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілменінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын өй-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»,- деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген. Сөйлеу - ұстаздың тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруі.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды. Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды бауран алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс.
Мұғалімнің мінезі жайдарлы, кең пейілді, сабырлы, ашу шақырмайтын, сөзі өте сыпайы болуы керек. Олай болса мұғалім еңбегінің сан кырлылығы осыдан өрбиді.
Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді: Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Сабақ бергенде мұғалімнін даусы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек.