1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Психологияның тарихи даму кезеңдерін түсіндіру



бет17/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

21.Психологияның тарихи даму кезеңдерін түсіндіру
Психология басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:
Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.
Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.
Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.
Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

МЫНАУ КЕРЕКПА БІЛМИМ ТАКЫРЫПКА КЕМИТН СИЯКТЫ ПОҚИ ТУРА БЕРСІН


XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік
Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;
-В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
-Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
-У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;
-В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.
Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі ретінде қолданылып жүр.
Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.
Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет