1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Білім беру саласындағы педагог-психолог қызметінің ерекшеліктерін анықтау



бет53/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

61.Білім беру саласындағы педагог-психолог қызметінің ерекшеліктерін анықтау
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Кез – келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.) Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек тететін тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет