65.Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдарын көрсету Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әртүрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Такт – бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды категория болып табылады. Гуманизм қағидасына (принципіне ) негізделе отырып, әдептілік, мінез-құлық, жүріс, тұрыс өте қиын және қарама қайшылықты жағдайларда адамдарға деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға өнегелі, әдепті болуды талап етеді, әсіресе ол мұғалімге, себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына қатысып, өзіндік қасиеттерді қалыптастырады.
Педогогикалық такт – мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі. Педогогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет, балаға деген мейрім, кішіпейілдік) белгілейді. Сонымен, педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарымқатынастың өнімді стилін құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып, мұғалім балаларға құрмет көрсетуге міндетті.
Әрине педагогикалық шеберлік бір жылдық ісі емес, ол жылдар өткенде келеді. Педагогикалық стаждың әрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді. Бұл бейімділік мектептің өзінде-ақ көрінуі мүмкін. Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілік, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеуге қызмет ететін мамандарды айтады.
Жақсы мұғалім әрдайым бағдарлама бойынша оқушыларға терең білім беруге болатынын біледі, оның негіздерін өзі оқытатын ғылымның күрделі мәселелерін еркін ажыратады. Сонымен бірге ол өзінің ғылыми білімдерін педагогикалық ой елегінен өткізіп, оқулық пен бағдарлама материалын әлгі білімдермен толықтырып отыруға да ұмтылады.
Шеберлікті көтерудің жолы озат-мұғалімдердің, істәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі.