1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Авиациялық психология саласының қызметін түсіндіру



бет55/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

63.Авиациялық психология саласының қызметін түсіндіру
Авиация психологиясы (лат. avis - қаз. құс) - авиация мамандарының іс-әрекетгерінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Авиация психологиясы ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандарды даярлап шығару мақсаттарын қарастырады. Авиация психологиясы ұшудың қауіпсіздігіне, апатгардың алдын алуға, ұшқыштардың, сондай-ақ басқа да авиация мамандарының еңбегі мен демалысын тиімді етуге, олардың кәсіби және психологиялық даярлығына назар аударады.
Авиация психологиясы мақсаты — ұшқыштардың, штурмандардың, жер үстіңдегі қызмет мамандарының іс-әрекеті мен дайындығының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, үшу экипажынын тиімді және қолайлы қызметін қамтамасыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кандидаттарды іріктеу, ұшқыштардың психикасына жағымсыз әсерлерді, апаттарды болдырмауға бағытталған.
Авиация психологиясы ғьшыми-практикалық бағыт ретінде XIX және XX ғасырлар тоғысында адамзаттың ұшқыш аппараттарды ойлап табуына және оларды ұтымды да қауіпсіз басқарудағы адам факторы роліпіц арта түсуіне байланысты пайда болды. Ап. негіздері физиологияның, жалпы психологияның, эргономиканың, инжелерлік психологияның, еңбек психологиясының, медицинаның әдіснамалық және әдістемелік ережелерінің ықпалымсн қалыптасты.
Авиация психологиясы теориялық және практикалық міндеттерін шешу үшін психология меп физиологияда (сұхбат, бақылау, құжаттарды зерттеу, зертханалық және табиғи сараптаулар) қарастырылатын әдістемелер кешені қолданылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Авиация психологиясы іс әрскетті талдаудың алгоритмдік әдістемесі, психологиялық модельлеу және т.б. әдістемелері дамуда.
64.Психологияның қосалқы әдістерінің дамуын талдау
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін,әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жөн.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ӛң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері –жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы.
Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін, үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады. Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет етуін зерттеуге болады.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің ӛсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді,
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет