1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Арнайы психология саласының қызметін нақтылау



бет57/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

66.Арнайы психология саласының қызметін нақтылау
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар, ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін, психология ғылымының дербес саласы.
«Арнайы психологияның жалпы психологиядан өз алдына дербес сала ретінде, бөлініп шығу кезеңі ХХ ғ. 60 жылдарына сәйкес келеді. Бастапқы кезде арнайы психология, жоғары оқу орындары мамандықтарының арасында «Психология» саласына енгізілді. Бірақ, бұл адамдардың психикалық даму жағдайлары мен механизмдері, тҥрлі патогендік факторлардың әсері туралы, сондай-ақ, компенсаторлық және коррекциялық ҥдерістердің жҥзеге асу заңдылықтары туралы, ғылыми жетістіктер мен практикалық тәжірибелерді жинақтап, өз алдына қалыптасқан, қалған арнайы психологияның тек формальды тҥрде, жалпы психология құрамына енгізілуі еді».
Арнайы психологияның нысаны - туа біткен және жҥре пайда болған, психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Арнайы психологияның міндеттері:
1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамитын баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.
2. Даму кемістігі бар баланың әртҥрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.
3. Даму кемістігі бар баланың даму механизмін анықтау
4. Бала дамуындағы бұзылудың тегін, уақытын, тереңдігін анықтау.
5. Дамудағы кемістіктерге байланысты, өзіндік ерекшеліктерді анықтау.
Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағынан кемістігі бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму зандылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген пікірді қолдап келді. Психологиялық жағынан кемістік - әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет