1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Өзін-өзі тәрбиелеу - педагогтік шеберлігін қалыптастырудың



бет75/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

90.Өзін-өзі тәрбиелеу - педагогтік шеберлігін қалыптастырудың
бірден-бір жолы ретінде сипаттау
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,- деп есептейді А. Дистерверг.
Халыққа білім берудің қайраткері А. В. Луначарский педагогтардың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу рөлін атап көрсетеді: «Біз үшін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бес аспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шенек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлау білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі існің өзі, міне, осында және де ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс». Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу - мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Өзімен жұмыс істеу, К. Д. Ушинскийдің көрнекті педагог болуына жәрдемдесті. Ол мына жайттерді ескерген:
1. Барынша сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;
2. Сөз бен істегі турашылдық;
3. Әрекеттегі алдын-артын ойлаушылық;
4. Батылдық;
5. Ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;
6. Уақытты текке өткізбеу;
7. Өз қылығыңа әр кеш сайын адал есеп беру;
8. Болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.
Адам өзінің қоғам алдындағы зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеу рөлі арта түседі. Өйткені өзін-өзі тәрбиелеу – дамуға ұмтылушы адамдарды жан-жақты қалыптастыру жағдайы.
Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінің айрықша маңызы зор.
Мұғалім өзін-өзі әрқашан дамытып отырса ғана нағыз мұғалім бола алады. Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеудің қозғаушы күші – мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтар. Сондықтан қарама-қайшылықтарды жеңуге деген мұғалімнің қажеттілігі туындауы қажет. Мотивтің мақсатқа қарай жылжуы өзін-өзі тәрбиелеуге деген нағыз қажеттілікті тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет