92.Сенімнің түрлері және оның жіктелуін сипаттау Сенім – адамның белгілі құбылыстармен көзқарастарды, ой түйіндерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі. Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында дүниетанымын қалыптастырып табиғат пен қоғам жөніндегі түсініктерін, өмір тәжірибесіне қолданып отырады. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана ол жоғары нәтижелерге жете алады.
Сенім – бұл:
Тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне парасат-сезімдік әсер ету арқылы оларда өзіндік көзқарас пен адамгершілік өлшемдер қалыптастыру мақсатында, логика мен дәлелдерге негізделген тәрбие әдісі. Иландырудан айырмашылығы, тәрбиеленушіге ұсынылған қандай да бір ақпараттар немесе ойлар, оларды тарату және бағалау арқылы саналы қабылдауға негізделеді. Бұл жерде қорытынды өз бетінше де, сонымен бірге сендірушіден соң да жасалынуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда да ол дайын күйінде қабылданбайды. Көп уақытты, алуан түрлі мәліметтерді және шешендік өнер тәсілдерін пайдалануды қажет етеді, ал иландыру болса іс жүзінде лезде өтуі мүмкін. Бұл әдіс ғылыми пікірталаста, тәрбиеде де негізгі болып саналады.
Өзінің құндылық бағдарына, көзқарасына сәйкес соны ісәрекетке итермелейтін тұлғаның саналы қажеттілігі.
Адамның өзіне сәйкес деректер мен айғақтарға сүйене отырып қабылдаған жеке пікірлері мен қорытындыларының дұрыстығына деген сенімге ие болу процесі мен нәтижесі.
93.Педагогикалық әрекеттің этикасын түсіндіру Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.
Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.
Этика - педагогтың бір ерекше қасиеті. Этиканың орысшасы «такт», латынша «тактус». Ол арабтың сыпайлылық, ізеттілік деген сөзіне келеді. Біз мұны этика деп алып жүрміз.
Сонымен, «Этика - белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, олар адамдардың этикалық қасиеті, не этикалық сезімі болып саналады. Этика - өте қажетті қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі».
Синица И. Е. «Педагогтік этика және педагогтік шебрлік» деген еңбегінде: «Педагогтік этика - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңізде білесіздер. Ол белгілі адамның үйреншікті әдісінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқау мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады. Әнші үшін үн, ал мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет», -дейді.
Педагогикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайлық білдіру ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез- құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділікпен іскерліктің жиынтығы. Педагогтың әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттық, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық этика белгілеріне жатады.
Бүгінгі күні педагогтарға қойылатын талаптардың бірі - оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен демакратиялық, гуманитарлық тұрғыда қарым-қатынас жасау арқылы педагогтық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Мұның бәрі педагогикалық этиканы сақтауды талап етеді.
Сонымен, этика - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай жасау.
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауынада болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Педагогикалық этиканың категориялары: Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Кәсіби парыз – қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа қоятын талап, моарльды қережелер жиынтығы.
Әділеттілік – моральдық сана ұғымы.
Кәсіби ар-ождан – тұлағының жеке басы және кәсіби намысы туралы ұғым.
Ар-намыс – қоршаған ортаның адамның құқытарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.
Жауакершілік – тұлғаның негізгі сапаларының бірі, адамның басты адамгершілік сапаларымен байланысты және оларды бақылайды.
Гордость – адамының өзінің немесе басқалардың жетістіктерін жоғары бағалауын, жоғары моральдық құндылықтарға өзінің сәйкестілігін түсінуін білдіреді.
Бедел – тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық ерекшеліктері, соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал жасауы жүзеге асады.