1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілетін түсіндіру



бет76/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

91.Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілетін түсіндіру
Қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бірбірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады және келесі негізгі функцияларды атқарады:
1. Ақпараттық-коммуникативтік (ақпаратты қабылдау және беру (жеткізу);
2. Қарым-қатынасты реттеу (бірігіп әрекет істеу барысында өзара әрекетті өңдеу);
3. Афорективтік-коммуникативті (элюционалдық қатынасты беру (жеткізу).
Ақпараттық функция – қарым-қатынас арқылы әр түрлі тұрмыстық, оқу- әдістемелік, ізденушілік, ғылыми-зерттеу және т.б. ақпарат беру.Тәрбиелік функция - адамдарды қоғамдағы мәдени және адамгершілік құндылықтарға қатынастыру; адамдардың бір-бірін тану;түрлі әрекет барысында – оқу, өндіріс, ғылыми танымдық және т.б. – қызмет көрсету; адамдардың қажеттілігін септеу (достық қарым-қатынас, достармен, бірге оқыған оқушылармен кездестіру).
Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:
- оқытушының модельдеуі – болашақ қызметін бейнелеу.
- сыныппен (студенттермен) қарым-қатынасты ұйымдастыру.
- педагогикалық процестегі қарым-қатынасты басқару.
- қарым-қатынас жүйесін, модельдеу жүйесін талдау.
Қарым-қатынас құрылымында 3 аспектіні қарастыруға болады:коммуникативтік, интерактивтік және перцективтік.
1. Коммуникативтік қатынас аспектісі ақпарат алмасу тәжірибесімен байланысты.
2. Интерактивтік қатынас аспектісі тұлғаның қарым-қатынас процесінде өзара әрекеттесуіне байланысты.
3. Перцективтік қатынас аспектісі басқа адамды қабылдауы және түсінуі.
Коммуникативтік қабілеттер:
1. Әріптестердің өз бетінше білім алу қызметі тәжіребиесін жинақтау және пайдалану қабілеті.
2. Кәсіби педагогикалық өздігінен білім алуда ынтымақтастыққа және өзара көмек көрсетуге қабілеті.
3. Басқалардың (негізінен оқушылардың) өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыру қабілеті.
4. Өз көзқарасында қалу және талқылау процесінде басқаларды сендіре білу қабілеті.
5. Бірлескен қызметте жанжалдан бойын аулақ ұстай білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет