1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Қарым-қатынас құрылымы мен функцияларын түсіндіру



бет80/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

96.Қарым-қатынас құрылымы мен функцияларын түсіндіру
Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.
Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады. Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет.
Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады. 
Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.
Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет