1. Пән жөнінде ақпарат


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі



бет34/36
Дата01.02.2023
өлшемі105,4 Kb.
#64381
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022

Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.


11. Мемлекеттік емтихан сұрақтары:
1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі.
2. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
3. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
4. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.
5. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
6. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері.
7. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы атқа міну мәдениетінің тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижелері.
8. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону, және т.б. Атқа міну мәдениеті.
9. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі.
10. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.
11. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, қалыңдық, аң стилі өнері. Ежелгі антик қалалар. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы.
12. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Мекендеген аумағы.
13. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті.
14. Қаңылылардың тарихи – мәдени мұрасы. Қаңылылардың пайда болуы және этникалық тарихы. Б.з.дейінгі 2 ғасыр-б.з.дейінгі 1-ші ширегіндегі көшпелі қалалардың мекені және тероториясы. Урбанцатцияның алғашқы кезеңдері.
15. Ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазбаша және археологиялық деректер. Түріктердің пайда болу мәселесі. Аумағы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынас.
16. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Саяси тарих. Тан империясымен қарым-қатынас.
17. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.). Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі.
18. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі.
19. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында қожалардың этностық топтарының пайда болуы.
20. Түрік өркениеті және Ұлы жібек жолы. Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы қала мәдениетінің өркендеуі.
21. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды емес діндер.
22. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
23. Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.
24. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық қалалар. Ақ Орда мемлекеті (XV ғасырдың басы-XIII ғасырдың аяғы).
25. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан территориясындағы этникалық үрдістер. Моңғол кезеңінен кейінгі халықтардың қалыптасуы. Ортақ тілдік этникалық аумақтардың қалыптасуы. Шаруашылық қоғамның материалдық және рухани мәдениеті.
26. Мемлекет құрылуының факторы және оның этникалық процеске әсері. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы
27. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
28. Моғолстан (XIVғ. ортасы- XVI ғ.басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы және этникалық құрамы. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
29. Көшпелі Өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілхайыр хандығы. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілхайырдың Орта Азияға әскери жорықтары. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қоныс аударуы (1459 ж.). Хандықтың құлауы.
30. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
31. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы
32. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.
33. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Керей және Жәнібек хандардың рөлі. Бұрындық хан билігі кезіндегі қазақ хандығының күшеюі.
34. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы.
35. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.
36. Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғ. – XVIII ғ. басында қалалық мәдениеттің құлдырауы.
37. Жазбаша тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
38. Қазақтардың XIV ғ.– ХVIII ғ. басындағы мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
39. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
40. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қалмақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде.
41. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның бұртұтас қазақ әскерінің қолбасы болып сайлануы.
42. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.
43. Қазақстан Ресей саясатының ықпалында: әкімшілік реформалау. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы: бас старшинаны енгізу және Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі.
44. Жер мәселесі. Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар сословиесі және оның мәртебесі.
45. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
46. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
47. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.
48. Қазақтардың ауыз әдебиеті. Еуропалық және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. П.С. Палластың, И.Георгидің, Н.П. Рычковтың экспедициялары.
49. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және т.б. шығармашылығы.
50. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
51. Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжанұлы (183-1895) және т.б. музыкалық шығармашылығы.
52. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекеттің идеясы. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау.
53. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс.
54. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары Декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
55. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.
56. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
57. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.
58. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар.
59. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы.
60. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
61. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.
62. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекккерлерінің жанқиярлық ерлік көрсетуі.
63. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халыққа білім беру және ғылым, мәдениет.
64. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
65. И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты.
66. Мәдениет және ғылым. «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б. жазушылар мен ақындар шығармашылығының рухани жаңғырудағы маңызы.
67. Теміртау оқиғалары. Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы.
68. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс.
69. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстандағы экологиялық жағдай. Семей полигоны. Арал мәселесі.
70. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.
71. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
72. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру.
73. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
74. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
75. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.
76. Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.
77. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.
78. Тарихи сананы жаңғырту. "Ұлы даланың жеті қыры".
79. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы күрес.
80. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының арихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
81. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
82. Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Демократиялыққайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер. Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету.Ұлттық Құрылтайды құру.
83. ҚР сыртқы саясаты қалыптасуың негізгі факторлары. Геосаяси және геоэкономикалық факторлардың ҚР сыртқы саясатының негізгі принциптерінің қалыптасуына ықпалы.
84. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістреге қатысуы. ТМД. БҰҰ мүше болуы. Қазақстанның БҰҰ-дағы ұсыныстары. Қазақстан және ЕҚЫҰ.
85. ҚР-ның РФ, АҚШ, ҚХР-мен қарым-қатынастарының қалыптасуы мен бағыттары, нәтижелері. Әлемдік қаржы институттары: Еуропалық даму және қалпына келтіру банкі, Азиялық және Ислам даму банкілерімен әріптестегі.
86. Еуропалық вектордың жаңа бағыттары. ҚР Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынастары.
87. Қазақстанның Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық мәртебесі және мұнай экспорттаушы елдер ұйымымен (МЭЕҰ - ОПЕК) байланыстары бойынша ұстанымдары.
88. Қазақстанның Таяу шығыстағы саясаты. Араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халақаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттары.
89. Оңтүстік шығыс Азия елдерімен қарым-қатынастары. Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтасығы.
90. Халықаралық терроризим мен жаһандық қауіп-қатерлердің күшеюі жағдайындағы өзара сенім мен сұхбаттастықты нығайту бойынша бастамалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет