1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Интербелсенді сабақтың құрылымы



бет5/18
Дата16.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#116381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тақырыбы 6. Интербелсенді сабақтың құрылымы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қазақ тілін топтық жұмыс арқылы оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерге қойылатын негізгі талаптар.

  2. Топтық жұмыстардың түрлері.

  3. Қазақ тілін оқытуда топтық жұмыстың ықпалы.

  4. Білім алушының даралық қасиеттерін дамытуда топтық жұмыстардың әсері.

Дәріс тезисі
Қазіргі орта мектептегі әдебиет сабақтарына қойылатын жаңа талап пен мақсат түбегейлі өзгергендігін біз үнемі сөз етіп келеміз. Әсіресе, әдеби нұсқаларды топтық жұмыс арқылы игертуде көптеген ізденістер қажет. Интербелсенді оқу немесе оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады. Әрине ең тиімдісі әр топ құрамында 5-6 оқушы болғанда тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау сияқты әрекеттерді тиянақты атқара алады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Олар топта жұмыс жасап отырып, өзін-өзі және басқа адамдарды тану мүмкіндігіне ие болады. Дүниетанымы қалыптасып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын, яғни тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау, болған жағдайда тез бітімге келу іс жүзінде қолданады. Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:





Бекіту сұрақтары:
1. Қазақ тілі топтық жұмыс арқылы оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерге қойылатын негізгі талаптар қандай?
2.Топтық жұмыс түрлері туралы не білесіздер?
3.Топтық жұмыс неге негізделеді?
4.Топта жұмыс істей отырып не үйренеді?
5. Топпен жасалған жұмыс қандай мақсаттарда жүзеге асады?
Әдебиет
1.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004.
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997.
3.Жұмажанова. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– Алматы: Білім, 2009.
4.Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. – Алматы, 2002.


Тақырыбы: 7. Бағалаудың түрлері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Дәстүрлі және жаңа бағалау жүйесін салыстырмалы талдау
2. Қалыптастырушы бағалау
3. Жиынтық бағалау
Дәріс тезисі
Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады
Бекіту сұрақтары:
1.Дәстүрлі және жаңа бағалау жүйесін салыстырмалы талдау жасап, ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
2.Критериалды бағалаудың түрлерін атаңыз.
3.Қалыптастырушы бағалау деп қандай бағалауды айтамыз?
4.Жиынтық бағалау дегеніміз не?
5.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау қайбағалау түріне жатады?
Әдебиет
1. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.
2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004.
3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. – Алматы, 2002.
4. Сарбасова Т.С. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. –Алматы, 2005.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет