1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы



бет8/18
Дата16.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#116381
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Тақырыбы 12. Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы
Сағат саны1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Проблемалық оқытудың ерекшелігі
2. Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары
3. Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты кезеңдері
Дәріс тезисі
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Бекіту сұрақтары:
1.Проблемалық оқытудың ерекшелігі неде?
2. Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары қандай?
3. Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты кезеңдерімен неге байланыстырамыз?
4. Репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп қандай әдісті айтамыз?
5. Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты неше кезеңге бөлінеді?


Әдебиет
1. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.– Алматы, 2009.
3. Сарбасова Т.С. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және
оқытудың интерактивті әдістері. – Алматы, 2005.
4.Трайнев В.В. Информационные коммуникационные педагогические технологии. – Москва, 2016.
4. https://agartu.com/index.php?newsid=997
Өткізу форматы: Проблемалық оқыту


Тақырыбы 13 Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар мен міндеттер.
2.Қазіргі жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды игерудің маңызы мен артықшылықтары.
3.Орта мектепте әдеби білім беруде АКТ қолдануда инновациялық ізденістер.
4.АКТ қолданудың мақсаты мен міндеттері.
Дәріс тезисі
Бүгінгі таңда, «Білім игеру – өмір бойғы үздіксіз процесс» деген ұстанымды күнделікті қолданыстағы қағидаға айналды. Ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз – ХХІ ғасырдың «ақпараттық технология ғасыры» деп аталуында. Ақпараттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» қалыптастырды. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. Сол сияқты, қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың сабақ барысында пайдалануын айтамыз.
Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ — топтағы оқушылардың оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жетуге болады. [2]
АКТ арқылы арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын .
Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.
Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.
Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:
1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.
2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).
3) Жоба қорғау сабақтары (оқушылардың шығармашылық потенциалын іске асыру тәсілі).
4) Компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет