1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыбы: 10. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын жұптық және жеке жұмыс түрлері



бет7/18
Дата16.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#116381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Тақырыбы: 10. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын жұптық және жеке жұмыс түрлері.
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын жұптық, жеке жұмыстар және оның түрлері.
2.Жұптық және жеке жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
3.Қазақ тілі сабақтарында оқушының даралық қабілеттерін дамытуда жұптық, жеке жұмыстарды пайдалану
4.Сабаққа қызықтыру мақсатында берілетін танымдық тапсырмалардың жағымды тұстары.
Дәріс тезисі
Қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог-мамандардың қажеттігін мойындатуда. Сондықтан да, педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Ол үшін алдымен, жаңа педагогикалық инновациялық әдіс-тәсілдерді игерген жөн. Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі.
Жақсы ұйымдастырылған жұптық, жеке жұмыстар оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Ең бастысы, оқушы өз мүмкіндігі мен білім деңгейінің шамасын бақылап, байқай алады. Өзін және өзгелерді объективті бағалауды үйренеді. Ынтымақтаса отырып, білім алуға, үйренуге және үйртеуге машықтанады.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын жұптық, жеке жұмыстар және оның түрлері қандай?
2.Жұптық және жеке жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын қандай талаптарды білесіздер?
3.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушының даралық қабілеттерін дамытуда жұптық, жеке жұмыстарды пайдаланудың тиімділігі неде?
4.Сабаққа қызықтыру мақсатында берілетін танымдық тапсырмалардың жағымды тұстары қандай?
5. Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың іс-әрекетіне қандай әсер етеді?


Әдебиет
1. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.
2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004.
3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. – Алматы, 2002.
4. Сарбасова Т.С. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. –Алматы, 2005.


Тақырыбы 11. Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы
Сағат саны 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша өткізілетін жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша өткізілетін жұмыстардың түрлері.
3. Қазақ тілін оқушыға оқытудың негізгі талаптары.
4. Оқушыны ойлай білуге үйретудің алғышарттары неде? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Дәріс тезисі
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, орта мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Қазіргі сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Проблемаларды шешу үшін адам бірінші кезекте ойлай білуі керек, демек қазіргі кезде ойлау мен ойлай білетін адамдардың маңызы ерекше. Тіпті терең ойлай білу – адамның, тұлғаның, маманның басты қасиеті болуы шарт. Бүгінгі жаңа талап ойлау арқылы, үздіксіз білім алу арқылы ғана адам бұл өмірден өз орнын табады. Міне, осының барлығын мектеп партасында отырған оқушы саналы түрде сезіне алуы тиіс.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері кеңінен таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы бүнігде 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.
Бекіту сұрақтары:
1.Сыни ойлау дегеніміз не?
2.Сын тұрғысынан ойлауды қай жастан бастап үйрету тиімді?
3.Сын тұрғысынан ойлау оқушыларда қандай дағдыларды қалыптастырады?
4.Рефлексиялық оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
5.Сын тұрғысынан ойлау Қазақстанда қай жылдардан қолданыла бастады?
Әдебиет
1.Көшімбетова С.А. Оқыту – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары.– Алматы, 2004.
2. Қошқарбаев Н. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. – Алматы, 2010.
3. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар.–Алматы, 2006.
4. Хмель Н.Д Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы. – Алматы, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет