1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет6/18
Дата16.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#116381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Өткізу форматы: стикерлі диалог


Тақырыбы 8.Дарынды балалармен жұмыс түрлері.
Сағат саны2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Оқушы қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалім рөлі.
2.Қазақ тілі пәні арқылы тұлға тәрбиелеуде мұғалімнің алдына қойылатын міндеттер.
3.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа қойылатын негізгі талаптар.
4.Үйрету мен үйренудегі ұстаз бен бала қарым-қатынасы.
Дәріс тезисі
Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін арнаған мұғалімдерді ерекше айтуға болады.
Г.Галилей: «Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті жаңалықты ашуға көмек беру қажет», – дейді. Расында да, дарынды балаға ең бастысы ұстаз тарапынан қолдау қажет. Әсіресе, дарынды оқушылардың бойында кездесетін: өзгеше және шапшаң ойлайтын ерекшелігін қалыпты қабылдап; ішкі сезімі жағынан өзгешелігін, яғни өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынатын даралығын; физиологиялық, тұлғалық бітімін, дамудағы шапшаңдығы, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға беріліп, қиял-күйінің басым түсетіндігін; және де әлеуметтік тұрғыдан айқындалып тұратын, адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы сияқты болмысына түсіністік танытқан жөн.
Бекіту сұрақтары:
1.Оқушы қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалім рөлі қандай?
2.Қазақ тілі пәні арқылы тұлға тәрбиелеуде мұғалімнің алдына қойылатын міндеттер туралы айтыңыз.
3.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа қойылатын негізгі талаптар қандай?
4.Үйрету мен үйренудегі ұстаз бен бала қарым-қатынасы қалай өзгереді?
5.Дарынды және талантты балалардың айырмашылығы қандай?


Әдебиет
1.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.– Алматы: 2009.
2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2014.
3. Студентке арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
4. Дейл Х.Шунк . Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі.Жетінші басылым.Ұлттық Аударма Бюросы қоғамдық қоры,2019. 607 б.

Өткізу форматы: микс




Тақырыбы 9. Диалогтік оқыту
Сағат саны2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Орта мектептеріндегі қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдер.
2.Диалогтік оқыту әдісі және оның мақсаты мен міндеттері.
3.Түсіндіру, ойландыру және әңгімелесі әдістерінің ерекшеліктері.
4.Сабақты ұйымдастыруда мұғалімнің шығармашылық ізденісі, әдістерді қолдану шеберлігі.
Дәріс тезисі
Диалог – екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогты демократиялық қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға тұрарлық. Ал демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-қатынасында талқылауға дайын болып, өзінің позициясын басқаларға білдіруге және жеткізуге ұмтылады.
Диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алуға жағдай туғызатын оқыту тәсілі болып табылады. Аталған тәсілді зерттеуші ғалымдардың пікірін келесі суреттен көруге болады:



Бекіту сұрақтары:
1.Диалогтік оқыту деп қандай оқыту аталады?
2. Диалогтік оқытуды зерттеген ғалымдар кімдер?
3.Выготскийдің ЖАДА диалогтік оқытудағы рөлі қандай?
4.Әңгіме-дебат деген не?
5.Кумулятивтік әңгіме дегенді қалай түсінесіз?
6. Зерттеушілік деп нені айтамыз?


Әдебиет
1. 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004. – 46 б.
2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004.
3. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М. Оқытудың педагогикалық жаңа
технологиялары. –Алматы, 1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет