1 Пән туралы мәліметтер



бет6/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
6 Дәрістер кешені


1 АПТА.

1 дәріс: Жүйелік экология негіздерінің теориялық-әдістемесі.


Әдістері: проблемалық дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).
1. Жүйелі экологияның негізгі мақсаты мен міндеттері.
2. Негізгі түсініктер мен жүйелік экологияның салааралық ғылымдардағы орны.


Қысқаша түсінік. «Жүйелі экология негіздері» пәні – 6В05201 «Экология» мамандығы студенттеріне арналған негізгі кәсіптендіру пәндері болып есептеледі.
Пән бағдарламаның профильдік блогына енгізілген және студенттердің төртінші курсында окытылады. «Жүйелі экологияның негіздері» (OSE-4301) жеке пән болып табылады және осы бағыттағы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының кейбіip курстарына негізделедi, олар: «Өсімдіктер алуантүрлілігі»; «Жануарлар алуантүрлілігі»; «Өндірістік экология және техногенді тәуекел»; «Топырақтану»; «Геоэкология», «Экологиялық химия» және т.б.
Жүйелі экология экологиялық жүйенің құрылымы мен функцияларын және түрлі популяциялар (түрлер) ролін экожүйе дамуын және олардың құраушылардың динамикасын болжау мүмкіндігін бағалау мақсатында зерттеу сондай ақ оларды басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл өте күрделі міндетті шешу мақсатында математикалық әдістер, модельдеу және компьютерлік технологиялар қолданылады. Сондықтан осы курстың негізін жүйелерді зерттеу және талдаудың түрлі әдістері құрайды. «Жүйелі экологияда» негізгі зерттеу әдісі болып жүйелі талдау жасалады. Түрлі күрделі жүйелер немесе анық байқалмайтын мақсат (критерий) қойылған жағдайларда зерттеу әдістерін жасайтын синтетикалық пән болып саналады. Жүйелі экология қазіргі кезеңде қолданбалы экологияда ірі масштабты экожүйелерді зерттеудің негізі болып саналады.
Пәнді зерттеудің мақсаты – студенттердің жалпы теориялық экология мәселелерін зерттеудегі жүйелік әдіс негізінде алған экология бойынша білімдерін экологиялық мәселелерді шешудегі жүйелік зерттеудегі білімдерімен тоғыстыру.
Жүйелік экологияны зерттеудің негізгі міндеті қоршаған орта туралы теориялық білімдерді жинақтау, алынған білімдерін өзінің жұмысында пайдалана алу қабілетін қалыптастыру болып отыр. Студенттерге жүйелік талдау әдісі арқылы табиғи ортаны күрделі, әртүрлі компоненттер динамикалық теңдікте тұратын дифференцирленген жүйе ретінде оқыту қажет; адамдардың әрекеті мен қоршаған ортаны бір жүйе «табиғат-қоғам» жүйесі ретінде, Жердің биосферасын адамзаттың экологиялық кедейленуін қарау; адамдардың табиғи экожүйенің балансына әсерін ашу.
Жүйелік әдіс экологиялық зерттеулердің басым бөлігінде қолданылады, себебі экологияның кез келген нысанының жүйелілік табиғаты бар. Жүйелік әдісте зерттеудің талдамалық және жинақтамалық түрлері бірігеді. Көп түрлі қауымдастықтарды организмдердің арасындағы өзара қарым қатынастарды зерттеу әдістері жүйелік экологияның маңызды бөлігін құрайды.
Экологиялық жүйелерді модельдеу едәуір қиындау. Проблемаларды, соның ішінде экологиялық проблемаларды шешуге жүйелік бағыт ұстану төмендегі этаптарды кірістіреді:
- шешімдердің мүмкін варианттарын іздестіру;
- шешімдердің әрбір мүмкін варианттарын қолданғанда себеп салдарын анықтау;
- таңдалған шешім басқа мүмкін болатын шешімдерге қарағанда басымдығын көрсететін объективті критерийлерді анықтау;
Сонымен қатар пайдаланылған шешімдерді таңдау әдістері тек бір ғана шешім болуын жоққа шығармайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет