1 Пән туралы мәліметтер



бет7/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Әдебиеттер:
1. Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004. – С.3-4,
2. Волкова В.Н., Денисов А.А Основы теории систем и системного анализа: Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности «Системный анализ и управление». – СПб., 1997. – 447 с.
2 дәріс: Экожүйе және экожүйе типтері.
Әдістері: дәріс.
1. Экожүйе терминінің жалпы ұғымы мен тарихы.
2. Экожүйе типтері.
3. Экожүйелердің құрамы мен функциональдық құрылымы.


Қысқаша түсінік.
Бір бірімен тұрақты заңды өзара байланыстағы бірге мекендейтін әртүрлі организмдердің және олардың тіршілік ету жағдайларының жиынтығы экологиялық жүйе немесе экожүйе деп аталады.
Экожүйе – экологиядағы негізгі функциональдық бірлік, оған организмдер мен жансыз табиғат – бір бірінің қасиеттеріне өзара әсер ететін және Жердегі тіршіліктің осы нысанын қолдану үшін қажетті құрамдар кіреді.
Кез келген биологиялық жүйеде жетекші орта құрайтын, яғни эдификатор – сол бір түрдің популяциясын немесе бірнеше түрдің популяциясын білдіретін құрамдар болады.
Эдификатор дегеніміз – фитоценоздың негізін құраушы және фитоценотикалық ортаны құруда негізгі роль атқаратын өсімдіктер. Эдификатор болып емен, европалық шырша, кәдімгі қарағай, ақ және қара терек, Лессинг селеуі, бетеге т.б. саналады. Эдификаторлар екі түрге бөлінеді:
1) автохтонды, яғни табиғи, адам немесе жануарлар әсерінсіз болады.
2) дегрессивті адам немесе жануарлар әсерінен қауымдастықты құрайды.
Мысалы орман дегеніміз ағаш өсімдіктерінің бір немесе бірнеше түрлерінің популяциялары жетекші орта құрайтын, географиялық жағынан ұйымдасқан, өзін өзі реттейтін өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының жиынтығы. Басқа экожүйелер де осы тәрізді. Жер бетіндегі ең үлкен экожүйе болып биосфера саналады.
«Экожүйе» терминін алғаш рет 1935 жылы А.Тенсли ұсынған. Қазіргі уақытта бірқатар экологтар «биогеоценоз» және «экожүйе» терминдерінің маңызы бірдей деп санайды. Алайда осы ұғымдардың арасында айырмашылықтар жоқ емес. Бұл терминдер бір біріне жақын болғанмен, олар синоним емес.
Экожүйелерді жіктеу көптеген маңызды белгілер бойынша жүреді, мысалы көлемі, адамның әсер ету дәрежесі, басқа да қасиеттер.
Экожүйенің атқаратын функциясы көбірек сипатталады:
1) энергия ағымына;
2) қоректік тізбектер;
3) кеңістік пен уақытқа байланысты көп түрлілік құрылым;
4) биогенді элементтер айналымы;
5) эволюция және даму;
6) басқару;
7) компоненттердің қарым-қатынастары.
Экожүйе дегеніміз – ағзалар мен абиоталық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі.


Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 64-73 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет