1 Пән туралы мәліметтер



бет9/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 73-80 бет.
4 дәріс: Экожүйелердің динамикасы мен дамуы.
Әдістер: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Экожүйенің динамикалық өзгерістері.
2. Экожүйе тұрақтылығы мен қабілеттілігі.

Жүйелердің уақыт аралығындағы өзгерісіне қарай статикалық және динамикалық күйін ажыратады. Жүйенің бір күйден басқа күйге өтуі оның қозғалысы деп аталады.


Жүйелердің өзгерістері әртүрлі себептерге байланысты.
Өзгерістерді әр түрлі себептер туындатады:
- қысқа мерзімді өзгерістер ауа райы жағдайымен биоталық өзгерістерге байланысты.
- маусымдық өзгерістер – Жердің Күнді айнала қозғалуынан байқалатын климаттық өзгерістер - жылдық температура мен ылғалдылық өзгерістеріне байланысты.
Экожүйелердің әртүрлі жылдардағы метеорологиялық жағдайлар, абиотикалық және биотикалық факторлардың әртүрлі кездейсоқ үйлесімдері мен пайдалану сипатына қарай туындайтын циклді өзгерістері болады. Бұл өзгерістер қайта қалпына келуі мүмкін.
Бір экожүйенің екінші бір фэкожүйемен қайтымсыз және бағытталған ауысуы сукцессия (латынша succession – ауысу) деп аталады.
Пайда болу себептеріне қарай экожүйенің бастапқы және екіншілік сукцессиялары болады. Алғашқы сукцессия өсімдіктер толық жойылған немесе өсімдіктер мүлдем болмаған жерлерде пайда болады – жартас, тік жар, өзен шөгінділері, сусыма құм т.б. бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың (бактерия, балдырлар, қына) ролі зор. Екіншілік сукцессиялар бұрынғы өсімдік жамылғысы белгілі бір себептермен жойылған жерлерде байқалады. Мысалы өртенген орман, құрғатылған батпақ, рудеральды қауымдастықтар жатады. Екіншілік сукцессия топырақ түріне қарай жылдам немесе баяу жүруі мүмкін. Екіншілік сукцессия алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді. Екіншілік сукцессия климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.
Сукцессия сыртқы және ішкі факторлар әсерінен пайда болады. Фитоценозға қарасты ішкі күштердің әсерінен, мысалы қауымдастықтағы биотоп өзгеруі пайда болса, автогенді сукцессия деп аталады. Ал аллогенді сукцессия сыртқы факторлар, мысалы экотоптың тұрақты өзгерістері нәтижесінде пайда болады.
Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік әсерелерден пайда болса, эндогенетикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрылымының өзгеруі нәтижесінде болады.
Экожүйе тұрақтылығы дегеніміз – экожүйенің сыртқы факторлар әсерінен тепе-теңдік күйінен ауысып, қайтадан бастапқы қалпына келу қабілеттілігі.
Жүйе серпімділігі – бұл өзінің құрылымы мен қасиетін өзгертпей кез келген сыртқы әсерлерді қабылдауға қабілеттілігі. Бірақ жүйедегі сыртқы әсерлер белгілі бір шектен асқан жағдайда жүйе бұзылады немесе жаңа күйге ауысады.
Жүйе иілімділігі дегеніміз сыртқы факторлардың әсерінен жүйе «иіледі», ал егерде сыртқы факторлар әсері төмендегенде немесе тоқтатылғанда бастапқы қалпына жылдам келеді.
Экожүйе сыйымдылығы – сыртқы факторлардың әсерінен өзінің күйін өзгертпей, сақтауға қабілеттілігі.


Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 84-88 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет