Жасай алуы тиic: - Жүйелік әдістегі статистикалық әдістерді қолдану арқылы талдау;
- Экологиялық мәселелерді шешу барысындағы жүйелік әдіс пен жүйелік талдаудың әдістемесін;
- Экологиялық мәселелерді шешуде жүйелік талдау әдістерінқолдана білу;
- Адамдардың табиғи экожүйенің балансына әсерін анықтай алу.
Дағдысына ие болуы тиіс: - Әртүрлі күрделі жүйелер немесе оқиғаларда жағдайды талдай отырып шешім қабылдау;
- Экологиялық мәселелерді шешу барысындағы жүйелік әдіс пен жүйелік талдаудың әдістемелік қабілеттерін;
- Әртүрлі құбылыстар немесе сол құбылыстардың әртүрлі тараптары арасында қатынас орната білу және қарама-қайшылық құбылыстарды көре білуге;
- Оқиғаның экологиялық тәуелділігін шешім қабылдау кезінде жүйелік талдай отырып, міндеттерді нақты анықтай алу.
«Жүйелі экология негіздері» пәнінің бағдарламасы бір семестрге есептелген. Екі аралық бақылау жұмысын жүргізу және реферат тапсыру жоспарланған. Курс соңында жазбаша емтихан тапсырылады.
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Альжанова Багдагул Сактагановна - биология және экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ.кандидаты.
Офис: «Биология және экология» кафедрасы.
Толық мекен жай: Орал қ. Н.Назарбаев даңғылы, 121.
Жұмыс телефоны: 50-35-49
Е-mailaljanB@mail.ru
3 Курстың саясаты:
Пәнді менгеру процесінде келесі білім беруші технологиялар қолданылады: ақпараттык дәріс, аралық бакылау, рефераттар жазу, интерактивті әдістер: дәріс-визуалдау, баяндама-презентация дайындау, проблемалық жағдайларды талкылау.
Студенттердің білімін бақылау ауызша коллоквиум, жазбаша бақылау жұмыстары, жеке жұмыстар мен үй тапсырмаларын тексеру түрінде жүргізіледі.
Апта сайын және қажетті жағдайда кеңес беріледі.
Мамандар экожүйенің жекелеген бөліктеріне әсер етуін болжай алғанмен, жалпы экожүйеге оның болашақ әсері туралы болжам айта алмайды. Сондықтан, экожүйені зерттеу мен оның жағдайы туралы болжам жасауда жүйелік әдістің енгізілуі маңызды.
Жүйелі экология пәнінде математикалық есептеулер үшін түрлі компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Корреляция және регрессия коэффициенттерін есептеу стандартты Excel бағдарламасы арқылы жүргізіледі. MS Excel электрондық кестесінің құралдарын қолданып берілген тапсырманы есепте және диграммасын құрылады. Excel электрондық кестесінде экологиялық есептерді компьютерлік моделін жаса және диаграмммасын жасалады.
Пәнді оқыту барысында дәріс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.
Өзіндік жұмыста: бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.
Студеттердің білім тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер информатиканы оқыту әдістемесін қолданып, тестілеу, оқыту, жаттығу, программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады.