1 Пән туралы мәліметтер



бет17/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Әдебиеттер:
1. Волкова В.Н., Денисов А.А Основы теории систем и системного анализа: Учебник для студентов вузов, обучающихся по специальности «Системный анализ и управление». – СПб. 1997. – 447 с.
2. Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004.
6 АПТА.
11 дәрістің тақырыбы: Жүйелер құрылымы мен қасиеттері.
Әдістері: дәріс.
Терминдер мен анықтамалар: иесіз қалдықтар, қалдықтарға меншік құқығы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Жүйенің кіріс және шығыс өлшемдері.
2. Жүйелер құрылымы.

Материалдық диалектика заңдылықтары бойынша материалдық дүниедегі барлық құбылыстар өзара байланыста дамиды. Кез келген құбылыс басқаларға әсер етеді, сондай ақ олардың жауап қайтару реакциясына ұшырайды.


Мысалы қара металлургия өнеркәсіптері жүйе ретінде сыртқы орта факторларына байланысты: шикізат мөлшері, электроэнергия, маманданған кадрлар, нарық бағасы т.б. Ал өз кезегінде қоршаған ортаға әсер етеді: жұмысшы күші, өндірістік құрал жабдықтар, қалдықтар т.б.
Кез келген жүйеге қоршаған орта белгілі бір жүйе элементі немесе кіріс бөлігі арқылы әсер етеді. Осы әсерді қамтамасыз ететін сыртқы орта факторларын кіріс өлшемдері деп атайды. Мысалы өсіп тұрған жасыл өсімдіктер үшін кіріс өлшемдері немесе сыртқы орта факторлары болып күн радиациясы, қоршаған орта температурасы, көмір қышқыл газы мен оттегі мөлшері, топырақ ылғалдылығы, минералдық қорек деңгейі, түрлі механикалық әсерлер (жел, насекомдар т.б.) саналады. «Өсімдік» жүйесіне осы факторлар әсер ететін кіріс бөлігіне жатады:
- жапырақ хлоропластары;
- тамыр түкшелері;
- жабын ұлпалар.
Жүйелер өз кезегінде қоршаған ортаға белгілі бір жүйе элементі немесе шығыс бөлігі арқылы әсер етеді. Жүйенің ортаға әсерін анықтайтын сыртқы орта факторларын шығыс өлшемдері деп атайды. «Өсімдік» жүйесінің шығыс өлшемдері болып фотосинтез процесі кезінде бөлінетін оттегі мөлшері, тыныс алу процесінде бөлінетін көмір қышқыл газы мөлшері, органикалық массасының артуы, жеміс пісуі т.б.
Кез келген өндірістік процесстерді жүйелі теория тұрғысынан сипаттауға болады: Мысалы өсімдік шаруашылығында кіріс өлшемдерге өнімділік, жанар жағар май, шығын материалдар, еңбек, материалдық шығын т.б. болса, ал шығыс өлшемдерге алынған нәтижелер, яғни жиналған алқап ауданы, алынған негізгі және қосымша өнім, механикалық құрылғылардың экономикалық көрсеткіштері т.б. жатады.
Кіріс өлшемдерге әсер ететін факторлар импульстер деп аталады, ал шығыс өлшемдер осы импульстерге реакция арқылы жауап береді. Жүйені зерттегенде импульстер мен реакцияларды белгілі бір мәнге ие өзгергіш шама ретінде қарастырады. Яғни өзгергіш шамалар (переменные) жүйенің сандық сипаттамасы. Егер осы жүйе көлемінде өзгергіш шамалар мәні тұрақты болса, оны жүйе параметрлері деп атайды.
Жүйенің шығыс өлшемдерін оның кіріс өлшемдерінің функциясы ретінде өрнектеуге болады: Y=F(X).
Мысалы жасыл өсімдіктің органикалық массасының өсімі Күннің фотосинтетикалық белсенді радиациясының функциясы, өнімділік енгізілген тыңайтқыш мөлшеріне белгілі бір дәрежеде байланысты, жиналған өнім өнімділікке байланысты.
Жүйелерге сыртқы ортаның көптеген факторлары әсер етеді, сондай ақ олардың реакциясы да сан алуан. Осыған байланысты нақты басты құбылыстар мен көрсеткіштерді бөліп көрсеті өте маңызды.
Жүйені зерттеудің күрделілігі оны құраушы кіріс және шығыс өлшемдердің егжей тегжейлігіне байланысты. Бұл жүйені зерттеудің рұқсат етілетін деңгейіне байлнысты. Егер бір ғана кіріс және шығыс өлшемдер зерттелсе, минимальды деңгей деп аталады. Мысалы алынған өнім және тыңайтқыш. Ал неғұрлым күрделі деңгейде зерттегенде азот, фосфор, калий, микроэлементтер деңгейі, олардың сіңімділігі кіріс өлшем ретінде алынады, ал шығыс өлшемдерге жапырақ көлемі, ассимиляциялау беті, бұтақтануы, фотосинтез процесінің интенсивтілігі, даму дәрежесі т.б. жатады.
Иерархиялық құрылымдар
Вертикальды және горизонтальды иерархиялық құрылым болады. Горизонтальды экожүйе ретінде мозаиканы алуға болады. Табиғатта экожүйелер арасында бос қуыс болмайды, бір бірімен күрт немесе біртіндеп ауысады. Экожүйелер арасында өтпелі экожүйе экотон түзіледі, экотонда биоалуантүрлілік жоғары болады. Экожүйелерге шеткі эффект тән.
Иерархиялық құрылым компоненттері (шың, түйін) және байланыстар (доға тәрізді немесе түйін аралық) бір уақытта әрекет етеді.
Егер иерархиялық құрылымда төменгі деңгейдің әрбір элементі бір шыңға байланысқан болса, ағаш тәрізді тармақталған жүйе деп аталады. Мұндай иерархия өте күшті байланыспен сипатталады (1-сурет).

Сурет 1



Егер жүйелердің төменгі бөлігінің элементі жоғары жүйедегі бірнеше элементке байланысты болса, онда бұндай иерархиялық жүйелер арасындағы байланыс нашар болады. (2-сурет). Оларды көп байланысты жүйе деп атайды.



Сурет 2

Енді осы жүйені матрица түрінде кескіндесек төмендегідей қатынас байқалады.



1

1.1

1.2

1.3

2

2.1

2.2

1-жүйе матрицасы





Жүйе

1

2

1.1

+

+

1.2

+

-

1.3

+

+

2.1

+

+

2.2

-

+

Ағаш тәрізді тармақтарлған жүйелер көбінесе күрделі техникалық құрылғылар мен кешендерде (құрал-жабдық, блок, тармақтар, детальдар т.б.), сөздіктер мен анықтауыштар, мақсат және міндет, өндірістер мен өндірістік құрылымдар (өндіріс, цех, участок).
Байланысы нашар иерархиялар, егер мақсаттары ұқсас болғанмен, бірақ оны жүзеге асыруға жеткілікті қаржы болмаса байқалады. Мысалы мемлекеттік басқаруда, сызықтық-функциональдық құрылымдар.
Жүйелердің төменгі элементін егжей-тегжейлі зерттеу тұтас жүйенің фунциясын дұрыс көрсетпейді. Мысалы клеткаларды зерттегенде зерттеу нәтижелері органдар қызметі туралы тұтас түсінік бермейді.
Иерархияның әрбір деңгейіне екі жақтылық тән немесе екі жүзді Янус бейнесі.
Тұтастық принципі әрбір жүйе элементіне тән. Жоғарылаған сайын жүйеде жаңа қасиет пайда болады. Иерархиялық құрылымның әрбір элементіндегі байланыстар қосылысы сондай ақ төменгі жүйеде жеке болғанда байқалмайтын қасиет пайда болуына әкеледі.
Жүйеде үлкен иерархияда үлкен белгісіздік байқалса, кіші иерархияда кіші белгісіздік байқалады. Осыған орай зерттеуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар кіші белгісіздік шешу мүмкін болмағанның өзінде белгілі бір тәртіп болады.
Негізгі принциптер:
- тарихилық
- өзін өзі ұйымдастыру заңдылығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет