12 АПТА.
№23дәріс: Жүйелі зерттеулерде шешім қабылдау процесі.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Объективті және субъективті кологиялық мәліметтер.
2. Экологиялық мәліметтерді бағалау.
3. Экологиялық мәліметтер негізінде шешім қабылдау.
Экожүйе туралы бастапқы мәліметтерді өңдеу, құрылған математикалық модельдерді зерттеу және барлық жинақталған мәліметтерді талдау этаптарынан кейін жүйелі талдаудың қорытынды этапы жүреді. Бұл этаптта қойылған проблемалар бойынша шешім қабылдау қажет.
Әрбір нақты жағдайда шешім қабылдау процесі нақты ақпаратты пайдалануға негізделген. Нақты ақпараттар модельдеу кезінде және оның салдары туралы шешім арқылы алынады, ал субъективті мәліметтер мүдделі тараптардың қызығушылығын көрсететін бағалау жүйесі арқылы алынады. Жүйені зерттеушілер арасында осы субъективті ақпараттарды ескеру қажеттігі туралы біртұтас пікір жоқ. Көпшілік жағдайда субъективті ақпарат шешім қабылдау процесінде ескеріледі. Бұл тәсіл жекелеген тұлғалардың өз қызығушылығын танытпауға мүмкіндік береді. Ал шешім қабылдаушылар өз интуициясы, пікірі мен ұйғарымы негізінде барлық мәліметтерді ескере отырып, шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ал басқа жағдайда зерттеуші өзінің тапсырыс берушілеріне олардың берген өз бағасы негізінде ғана емес, факторлардың маңыздылығы бойынша дұрыс шешім қабылдауға ұсыныс береді.
Көп жағдайда жүйелі талдау нәтижесінде бірнеше вариант ұсынылады. Ескерілетін мәселелер:
Ыңғайлы ұсынысты (предпочтительность) бағалаудың транзитивтілігі. Егер А варианты В вариантынан артық болса, ал В варианты С вариантынан артық болса, онда А варианты С вариантынан артық болады. транзитивтілік дұрыс ұсыныс болып саналады, яғни шешім қабылдау процесінде ескеруге болады. бірақ адамдардың нақты әрекетінде транзитивтілік барлық уақытта байқалмайды.
Сонымен қатар экологиялық жобаларда сандық түрде өрнектеуге болмайтын факторларға көп жағдайда назар аударылмайды. Мысалы баға, уақыт, адамдар саны тәрізді факторлар көп жағдайда ескеріледі. Ал эстетикалық тартымдылығы, оңашалығы тәрізді факторлар көп жағдайда ескерілмейді.
Субъеккөзқарасына қарай субъективті бағалауды ескеру принциптерін ескеру мүмкіндігін есептемегеннің өзінде шешім қабылдау процесі көп жағдайда осы жүйеге қызығушылығы бар топтар мүддесі, сондай ақ проблема типі мен зерттеушілер пікіріне байланысты.