№24 дәріс: Талдау нәтижелері бойынша ақпараттарды безендіру тәсілі.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Талдау нәтижелері бойынша ақпараттарды безендіру тәсілі.
2. Графикалық безендіру.
3. Күтілетін нәтижелердің пайдалығы.
Зерттеу және модельдеу нәтижелеріне субъективті бағалау болмаса ақпараттарды бірнеше жолмен көрсетуге болады.
Егер белгілі бір шешім вариантының көрсеткіштерінің барлығңы дерлік басқа вариантпен салыстырғанда төмен болса, онда бұл вариантты жалпы қызығушылығы бар топтар берген субъективті бағаға қарамастан қабылдамайды. Шектен тыс көрсеткіштер байқалатын вариант та қабылданбайды. Егер де ескерілетін көрсеткіштер өте көп болған жағдайда көптеген шешімдерді қабылдамауға болады.
Көп жағдайда талдау нәтижелерін жүйенің жұмыс сипаттамалары бойынша есептеулер жұргізеді. Көрсеткіштерді жалпылау арқылы шешімнің тиімділігі мен жүзеге асырылу құны есептеледі.
Түрлі басқару және шешу айнымалалары негізінде бірнеше вариант ұсынылады. Осындай есептеулер негізінде баға мен тиімділік арасындағы қисық сызылады. Бұл қисық сызық бағаға байланысты тиімділік өзгеруін көрсетеді. Яғни көп жағдайда баға артқан сайын оның тиімділігі де артады, бірақ бірақ уақыттан кейін тиімділік өсуі баяулайды.
Баға мен тиімділік әртүрлі өлшеммен көрсетіледі. Егер тиімділік пайдалылық әсері арқылы көрсетілсе, ол шексіз болады.
Егер жүйе тиімділігінің минимальды көрсеткішін алсақ, онда оның бағасын да төмендету керек.
Шешім қабылдау процесінде алынған нәтижелердің тиімділігі (показатель полезности) де ескеріледі. Пайдалылық көрсеткіші теориялық та, практикалық та тұрғыдан маңызды.
Шешім қабылдау процесінде шешім ағашын сызады. Әрбір шешімнің нәтижесі , ықтималдығы мен жүзеге асырылу мүмкіндігі көрсетіледі.
Егер шешім саны аз болса, бұл вариант пайдалы болып саналады.
Қоршаған ортаның рұқсат етілген нормада ластануы кезіндегі шешімдерді қабылдау өте жауапты. Оның себебі кез келген өндіріс орны мен тұтыну көлемінің артуы қоршаған орта ластануын тудырады.