1 Пән туралы мәліметтер


Әдебиеттер: Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004. – С. 204-210. 15 АПТА



бет29/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Әдебиеттер:
Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004. – С. 204-210.
15 АПТА.
29дәріс: Ұқсастық коэффициенттері.
Әдістері: дәріс
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Қауымдастықтардың систематикалық құрамының ұқсастығын есептеу коэффициенттері.
2. Жаккар, Серенсон және Престон коэффициенттері.

Экожүйелерге антропогендік факторлардың әсерін анықтау және бағалау үшін адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырамаған және адам әрекеті әсерінен өте көп өзгеріс байқалатын екі учаскелердегі өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын зерттейді. Есептелген ұқсастық коэффициенттері бойынша зерттелген учаскелердің өсімдік жамылғысын салыстырып, экожүйенің қандай компонентіне антропогенді әсер деңгейін анықтайды. Осы әдіспен экожүйенің жануарлар компонентін де салыстыруға болады.


Зерттеу нәтижелері бойынша экожүйелердің жай-күйі, олардың сукцессия перспективасы осы биогеоценозды сақтау және жақсарту бағытындағы шаралар жүйесі анықталады.
1. Екі зерттеу учаскесінің фитоценоздарының ұқсастығы мен айырмашылығын Жаккар формуласы бойынша анықталады:
;
мұндағы, К – ұқсастық коэффициенті, процентпен белгіленеді, неғұрлым жоғары болған сайын екі бірлестіктің түрлік құрамы ұқсас болады.
а – бірінші учаскеде кездесетін түрлер саны;
в – екінші учаскеде кездесетін түрлер саны;
с – екі учаскеде де кездесетін түрлер саны;
2. Зерттеу учаскесінің фитоценоздарының ұқсастығы мен айырмашылығын Стивенсон-Чекановский формуласы бойынша да анықтауға болады:

j – екі учаскеде де кездесетін түрлер саны;
А – бірінші учаскеде кездесетін түрлер саны;
В – екінші учаскеде кездесетін түрлер саны;


Әдебиеттер:
1. Дулепов В.И., Лесова О.А., Майоров И.С. Системная экология. – Владивосток, 2004. – С. 211-217.
2. Лебедева Н.В., Дроздов Н.Н., Криволуцский Д.А. Биологическое разнообразие. – М.: Гуман.центр ВЛАДОС, 2004. – С.274-289.

30 дәріс: Жүйелік экология және мониторинг.


Әдістері: дәріс
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Қауымдастықтардың систематикалық құрамының ұқсастығын есептеу коэффициенттері.
2. Жаккар, Серенсон және Престон коэффициенттері.

Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттері болып экожүйенің немесе биосфераның, басқа да бөліктерінің жай күйіне (табиғи, антропогендік) үздіксіз бақылау жүргізу, табиғи өзгерістерінің негізгі бағыттары мен темпін анықтау және адам әрекетінен туындаған сыртқы өзгерістерінің көптеген түрлеріне жауап реакциясын анықтау.


Сондықтан экологиялық мониторингтің ғылыми негізі ретінде экология (биогеоценология) есептеледі. Экология экожүйелердің сыртқы өзара қатынасын, оның ішкі құрылымын, қызметі және эволюциясын зерттейтін ғылым.Құрылым және су экожүйелерінің түрлі типтері сан алуан және құрылымы мен қызметі ерекшеліктері сан алуан болуына қарамастан оларды өтетін заттық – энергетикалық және ақпараттық процестер, организмде заттардың түзілуі мен ыдырауы ұқсастығымен сипатталады. Бұл процестер организмнің экологияда соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер биологияның зат айналымын зерттеуде жүйелі талдау ең басты әдіс екенін көрсетті.
Ең алғаш модель ортаның қара топырақ қорығының шалғынды даласы экожүйесінде органикалық заттар айналымының баланстық моделі. Бұл объектіні талдау себебі көп жылдар бойы жан-жақты бақылаулар жүргізілген.
Табиғат ортасының табиғи өзгерістерімен қатар геофизикалық қызмет мекемелері (метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық, мұхиттар мен теңіздердің жай-күйін бақылау, ионосфералық, гелиогеофизикалық, сейсмикалық, төтенше оқиғалар қызметі т.б.) де бақылау жүргізеді.
Дүниежүзілік масштабта метеорологиялық құбылыстар мен мәліметтерді үйлестіру Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бүкіләлемдік ауа райы қызметі (ВСП) атқарады.
Табиғат ортасының антропогенді өзгерістерін бақылау үшін арнайы ақпараттық жүйе қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет