2 АПТА.
№2 семинар тақырыбы: Экожүйелер динамикасы мен дамуы.
Мақсаты: Экожүйе динамикасы мен дамуы түрлерімен танысу. Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруде экологиялық заңдылықтарды ескеру қажеттілігін түсіну.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Экожүйелердің құрамы мен функциональды құрылымы.
2. Экологиялық пирамидалар.
3. Экожүйелердің өнімділік теориясы.
4. Экожүйедегі зат және энергия ағыны
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша семинар сұрақтарына дайындалу. Тест тапсырмаларын орындау:
1) Дұрыс құрылымдалған жайылымдық қоректік тізбекті анықтаңыз:
A) қасқыр – жер тесерлер – жауын құрты –қарашірінді
B) жауын құрты –қасқыр – жер тесерлер – қарашірінді
C) бақа – бүркіт – қоян – балық
D) жер тесерлер – қасқыр – қарашірінді – жауын құрты
E) жауын құрты – жер тесерлер – қарашірінді –қасқыр
2) Дұрыс құрылымдалған жайылымдық қоректік тізбекті анықтаңыз:
A) киік – шөп – саршұнақ
B) қарашірінді – жауын құрты – жер тесерлер – қасқыр
C) бақа – бүркіт – қоян – бақа
D) жауын құрты – жер тесерлер – қарашірінді –қасқыр
E) жоңышқа– бүркіт – бақа – қоян
3) Дұрыс құрылымдалған жайылымдық қоректік тізбекті анықтаңыз:
A) леопард – киік – шөп
B) жоңышқа – қоян – бүркіт – бақа
C) қарашірінді – жауын құрты – жер тесерлер – қасқыр
D) шөп – шегіртке – бақа – жылан
E) жоңышқа– бүркіт – бақа – қоян
Есеп беру түрі: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Өту формасы: семинар.
Бағалау критерийі:
90-100 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 90%) түгел орындаған, графикалық жұмыстар толық, қорытынды жасалған, дұрыс безендірілген. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, студент теориялық білімін көрсете біледі.
89-70 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 70%) түгел орындаған, бірақ жұмысты орындау барысы туралы толық емес жауап береді, қорытынды жасауда және мысалдар келтіруде қиналады, студенттің пікірі жалпылама.
69-50 балл – студент тапсырмаларды (кем дегенде 50%) толық орындамаған, зертханалық жұмыс орындау барысы туралы толық жауап бере алмайды, қорытынды дұрыс емес.
0-49 балл – тапсырмалар орындалмаған (50%-дан кем), жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттары сақталмаған. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.
Әдебиеттер:
1. Экология және тұрақты даму. Оқулық / Тонкопий М.С., Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 71-80 бет.