1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет61/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Анафазада хромосомалар бiр мезгiлде хроматидтерге бөлiне бастап, жасушаның қарама-қарсы полюстерiне 0,2-0,5 мкм/мин. жылдамдықпен ұршық микротүтiкшелерi бойымен беттейдi.
Телофаза кезiнде жас жасушалар ядролары қайта құрылып, бөлiнуi тоқтайды. Жас жасушалардың конденсияланған хромосомалар айналасына көпiршiктер жарғақшаларынан кариолемма қайтадан қалпына келедi. Онымен қалыптасудағы ламина байланысады, қайта ядрошықтар пайда болады. Ядро бiртiндеп үлкейiп, хромосома шиыршықсыздануы күшейiп, хроматинге айналады. Сөйтiп жасуша цитоплазмасы екiге бөлiнiп (цитотомия-грек. қақ айыру; цитокинез-грек. қозғалыс деп аталады), қос жас жасуша пайда болады.
Жасуша негiзiнен екi түрлi әдiспен бөлiнiп (митоз, амитоз), көбейедi. Митозды жоғарыда сипаттадық, екiншiсi, тiкелей бөлiну - амитоз. Бұлардан басқа жасушаның бөлiну түрлерiне мейоз, эндомитоз жатады. Амитоздағы бөлiну ұршықтың түзiлуiнсiз жүредi. Хромосома шиыршықтанбайды, ядро ұзарып, ортасы жiңiшкерiп, тiкелей екiге бөлiнедi. Одан кейiн жасуша цитоплазмасы бөлiнiп, бiр жасушадан екi жасуша пайда болады. Кейде жасуша ядросы бiрнеше рет тiкелей бөлiнiп, ал цитоплазмасы бөлiнбей қалады. Онда жасушаның бiрнеше ядросы болады.
Амитоздың - өндiру (генаративтi-жасап шығару; пайда болған жас жасушалар қайтадан митоз жолымен бөлiнiп, қалыпты қызметiн толық атқара алады), керi даму (өзгеру-дегенеративтi, жасушаның ыдырау, өлу процестерiне байланысты), қайта әсерленген (жауап, реактивтi-организмге қандай да болмасын әсерлер ықпалынан туады) түрлерi болады.
Мейоз жыныс жасушаларының бiрiнен соң бiрi жылдам жалғасатын екi–жою, теңестiру бөлiнуi. Онда қысқа кезеңаралық болып, түзiлу кезеңi болмайды. Сондықтан екiншi бөлiну алдында ДНҚ қосарлануы жүрмейдi.
Әр бөлiнуде про-, мета-, ана-, телофазалар болады. Мейоз митозға қарағанда өте ұзақ жүредi. Бiрiншi мейоз профазасының түрленуi өте күрделi өтiп, ұзақ уақыт алады. Кейiнгi бiрнеше күндерден жылдарға созылуы мүмкiн.
1-профазада ДНҚ молекуласының жекелеген бөлiгiнiң жаңадан пайда болған тiркестерiмен, бiр жұпқа жататын хромосомалар арасында үлескiлер алмасуы, рРНҚ, иРНҚ түзiлулерi, ядрошықтар белсендiлiгiмен сипатталады. Мұнда кариолемма сақталады. 1-профазада бес саты: лептонема, зигонема, пахинема, диплонема және диакинез болады.
1-метафаза ядро қабығының ыдырауынан басталады. Ядрошықтары жойылып, бөлiну ұршығының дамуы басталады. Хромосомалар экватор тақташасына шоғырланатындықтан, санауға қолайлы жағдай туады.
1-анафазада тек хиазмалар жоғалып, олар биваленттер ұшынан сырғып түседi, не болмаса метафазаның соңында үзiлiп қалады. Бұл кезең соңында хромосомалар саны әр полюсте гаплоидты болады.
1-телофазада хромосомалар полюске жетедi, ядро қалыптасады да, цитотомия басталады. Жас жасуша пайда болады.
Қысқа кезеңаралықта мейоздың екiншi бөлiнуiне дайындық басталады. Мұнда ДНҚ, белок-гистондардың түзiлуi жүрмейдi, бiрақ қуат жиналады, бөлiну ұршықтарына қажет белок–тубулиндер түзiледi. Одан кейiн мейоздың екiншi бөлiнуi басталады, ол митозға ұқсас өтедi.
2Метаболизм тіршілікті ұйымдастырудың жасушалық және биосфералық деңгейлерінде жүретінін дәлелдеңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет