1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет2/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондриярибосомаГольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондрияларпластидтерцитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялық энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, ақуыздар, т.б. органикалық қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.
Эукариот жасуша құрамбөліктерінің негізгі қызметі:
- Рибосомалар – нәруыздарды синтездейді;
-  Жасуша орталығы – микротүтікшелерден тұратын және хромосомаларды жас жасушаларға бөлетін бөліну ұршығын түзеді;
-  Эндоплазмалық тор – жасуша ішінде заттарды тасымалдайды, нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды синтездейді;
- Гольджи кешені – липидтер мен көмірсуларды синтездейді;
- Лизосомалар – асқорыту вакуольдері;
- Митохондриялар энергия көзі;
Пластидтер – хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар;
- Ядро – көптеген жасушалардың міндетті бөлігі
эукариоттық организмдер құрылысы мен күрделілік деңгейі әртүрлі болуы олардың прокариоттарға қарағанда жасуша құрылысының күрделілігі мен ядроның болуына байланысты 
3) Көп жасушалы организмнің әрбір жасушасында хромосомалар бар ма? Жауабын мысалдармен дәлелдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет