1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


ҚР-дағы инвестициялық климат және оның тартылуындағы жағымды фактор



бет33/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

ҚР-дағы инвестициялық климат және оның тартылуындағы жағымды фактор

Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты дайындау шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеттері болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвестицияларына әсер ететін факторларды анықтауға; екіншіден, мемлекеттегі жағдайларды тереңірек бағалауға; үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.


Инвестициялық климат мемлекеттік, аймақтық, салалық инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілер, үйымдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. бір-бірімен байланысты факторлар әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірқатар көрсеткіштер арқылы бағалауға болады, олар:
- экономикалық реформаның жағдайы;
- банк жүйесінің тұрақтылығы;
- саяси реформаның тұрақтылығы;
- табиғи және еңбек ресурстармен қамтамасыз ету;
- инвестициялық қызметтің құқықтық реттеу дәрежесі және нормативтік-құқықтық актілердің болуы;
- инфляция қарқыны;
- сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі;
- білікті жұмыс күшінің болуы;
- мемлекеттік нарық әлеуетінің сипаты;
- нарықтық инфроқұрылымының және валюта нарығының дамуы. Шетелдік инвесторлар осы көрсеткіштерді бағалап мемлекеттегі инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, инвестиция бойынша шешім қабылдайды. Инвестициялық климат инвестициялық саясаттың әсер ету объектісі болып табылады. Бұл бір жағынан инвестициялық саясатты жасау үшін алғашқы жағдайларды анықтаса, ал екінші жағынан инвестициялық саясаттың нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кездегі мемлекеттің табыстылығы мен бәсеке қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бәсекелестік күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері мен ерекшеліктері және т.с.с. елеусіз, кейде эконномикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. Сонымен бірге, инвестициялық климатты айқындайтын басты факторлардың бірі салық және кеден режимдері болып табылады.
ҚР-ның салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі республика экономикасының шикізаттық емес секторына сыртқы да, ішкі жде инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискалдық саясаты Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылғы арналған стратегиясын ойдағыдай және дәйекті іске асыруға бағытталған.
Қазақстан Үкіметі басымдықтарының бірі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру болып табылатыны мәлім. Бұл ұйымға қатысу Қазақстанның инвестициялық жағдайын анағұрлым тартымды етуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі ДСҰ-ның кедендік рәсімдерін оңайлату жөніндегі конвенцияның негізінде жасалғандықтан, ол ДСҰ-ның негізгі талаптарына жауап береді. Сонымен қатар, кеден заңнамасын ДСҰ Келісімінің кедендік бағалау жөніндегі нормаларына одан әрі сәйкес, сондай-ақ шыққан елі белгіленбеген тауарлар бойынша импорттық кеден баждары мөлшерлемелерін екі есе мөлшерде төлету тәжірибесін алып тастауға қатысты ДСҰ ұсынатын талаптарға сәйкес келтіру қажет. Осы мақсат үшін Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасына әзірлеп, ҚР-ның кеден заңнамасына өзгертулер ұсынды. Бұл заң кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, ҚР-ның кеден заңнамасын Қазақстанның негізгі серіктес мемлекеттерінің заңнамасымен үйлестіруге бағытталған.
Бұдан басқа, сенімділік және кедендік рәсімдеу үдерісін тездету, бақылау сапасын арттыру, жүктерге рүқсат етілмеген кідірлетулерді төмендету, бөгде салымдарды анықтау, кедендік бақылау тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында түрлі контейнерлерді жабық күйінде тексеру үшін Қаржы министрлігі инспекциялық тексеру кешендерін орнатты.
Осы жүйелер, негізінен, кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуде бақылау тиімділігін арттыру, сондай-ақ ақ кедендік бақылау жүргізу кезінде «адам факторын» мүмкіндігінше қоспауға арналған.
Сондай-ақ, автомобильдермен жүк тасымалдау, тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату саласында қазіргі заманғы техникалық, кедендік бақылау құралдарын енгізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жаңа енгізім жүктерді тексеруден өткізу рәсімдерін оңайлатуға, тексеруден өткізу уақытын азайтуға, сырқы сауда айналымының деңгейін және еліміздің бюджетіне түсетін түсімдер сомасына арттыруға мүмкіндік береді.
Қаржы министрлігі инвестициялық климатты жақсартуға барлық қажет күшін салуда, бүл Елбасымыздың алға қойған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөніндегі мәселесін орындауға мүмкіндік береді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты - экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық климат жамау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жүмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвесторлар қызметінің активті болуы елдегі «оңтайлы инвестициялық климатқа» байланысты. Бастапқыда инвестициялық климат әртүрлі елдердің экономикалық жағдайына, даму деңгейіне және экономикалық саясатына байланысты ерекшеленді. Уақыт өте, инвестициялық климат әлемдік әкономиканың ғаламдануына халықаралық өндіріс сферасының өсуіне негізделе, XX ғасырдың соңғы тоқсанында ұлттық инвестициялық режимнің тегістелуінің тұрақты тенденциясына көрінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің үкімі бойынша (30.06.1998) Қазақстанда алғаш рет шетел инвесторлардың одағы құрылды және «Қазақстанда қызмет етуші шетел инвесторларының этика Кодексінің Декларациясы» (8.12.2000) қабылданды. Ел президентінің «Қазақстан 2030» жолдануында шетел инвестициясын тартудағы негізгі стимул болып табылатын ашық және либералды инвестициялық саясаттың нақты, тиімді және қабылданған заңдардың қатаң сақталуы мен әкімшілік орындалуына байланысты туралы айтылды. Қазақстан экономикасына шетел инвестициялардың тарту мәселелері әрдайым экономикалық және саяси қөзқарастардағы негізгі мақсат болап табылады. Негізгі сабеп болып соңғы он жылдықтағы тікелей шетел инвестициялары мөлшерінің кең көлемде өсуі болып табылады. Инвестиция мөлшерінің кең ауқымды өсуі Қазақстандағы үкімет басшыларының ұстанған отандық экономикалық саясатының нәтижесі болып табылады. Шетел инвестоларына құқықтық және экономикалық талаптар құру ел экономикасының жандануына мүмкіндік береді.
Құқықтық көзқарас бойынша шетел инвестициясын тарту шеңберіндегі заңның бірнеше даму этаптары бар. Бірінші этап (1990-1994 жж.) КазССР-дің 7.12.1999 жылғы алғашқы «Қазақ ССР-нің шетел инвестициясы туралы» заңының қабылдануынан басталады. Екінші этап (1994-1997 жж.) Қазақстан Республикасының 28.02.1997 жылғы қабылданған «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңымен аяқталады. Үшінші этап (1997-2002 жж.) шетел инвестициялары туралы заңдардың дамуымен толықтыруларына негізделеді. Төртінші этап (2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) инвестиция шеңберіндегі соңғы қабылданған нормативтік актіден басталады.
Эксперттердің бағалауы бойынша ҚР «Шетел инвестициясы туралы» заңы ТМД елдеріндегі ең маңыздысы болып табылады. Бұған себеп заң құрылымындағы шетел инвесицияларына берілетін кепіл болып табылады:

  • заң өзгерістерінен кепіл; мемлекеттік органдары мен міндетті тұлғалардың заңсыз қызметінен кепілі;

  • шетел инвесторларының шығындарына компенсация;

  • табыстарды пайдалану кепілі;

  • өздерінің валюта құралдарын пайдалану кепілі;

  • шетел инвесторлар қызметіндегі нақтылық;

  • мемлекеттік тексерудегі кепіл.

Сонымен қатар, Қазақстан инвесторлармен туындайтын халықаралық арбитражды органдарда шешу мүмкіндігін қарастырған: ИКСИД (Инвестициялық дауларды реттеу орталығы); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ-ның арбитражды органдары); стокгольм қаласының сауда палатасының арбитражды институты.
Енді Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту қажеттілігі мен негізгі талаптарын анықтайық.
Бірінші қажеттілік Қазақстанның инвестициялық потенциалының шектеулігіне, ішкі ресурстардың төмен деңгейіне, жеке сектор және екінші деңгейлі банктердің капиталдарының қорлануын қамтамасыз ету және инвестиция деңгейің қолдауға негізделеді, бұл 1992-1999 жылдарда аса көрінді.
Екінші қажеттілік Қазақстан кәсіпорындарының мемлекеттік бюджет алдында міндеттерінің орындалуы мен қарыздарының бар болуымен түсіндіріледі. Сондықтан үкімет бюджет алдында қарыздарды өтеу мақсатында кәсіпорынның негізгі акция үлесін шетел инвесторларына портфельді инвестиция түрінде сатты, ол шетел инвесторларының Қазақстан меншіктеріне иелік ететін бағалы қағаздарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Үшінші қажеттілік прогрессивті технологияларды енгізу мен айналыс құралдарын толықтыруға байланысты, бұл кәсіпорында шетел инвесторының басқаруына бергенде ғана орындалады. Осы тұрғады ұйымдық-құқықтық форма бірлескен кәсіпорын немесе толығымен шетел инвесторының меншігіндегі кәсіпорын құруға негізделді.
Төртінші қажеттілік шетел инвесторларының қатысуымен бәсекелестік отанын құру және оны қамтамасыз ету, сонымен қатар ссудалық капиталдың әлемдік нарыққа оңай қол жеткізуін қамтамасыз етумен байланысты. Бұл тұрғыда, шетел инвесторларына өздерінің шаруашылық немесе өндірістік қызметімен айналысуына және ұзақ мерзімді жалға беру талаптарына сәйкес, инвестиция тарту жалға немесе концессия түрінде жүргізіледі. Құқықтық базасы болып ҚР «Концессия туралы» заңы табылады.
Бесінші қажеттілік осы мерзімдегі операциялардың есебі бойынша төлем балансының теріс сальдосының үлкен масштабының ұзақ мерзімді сақталумен байланысты. Бұған байланысты осы мерзімдегі есептік жетіспеушілікті толықтыратын негізгі альтернативті көзі болып табылатын шетел инвестициясының қозғалысын көрсететін капитал және қаржымен байланысты операцияларды айтуға болады.
Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ҚР үшін шетел капиталы, әсіресе тікелей шетел инвестициялары маңызды рөл ойнады. ҚР статистика Агеттігінің көрсеткіші бойынша тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдары Қазақстандағы тікелей шетел инвестиция көлемі Орталық Азиядағы тікелей инвестиция салымының жалпы көлемінің 80 пайызын және кеңес үкіметі мемлекеттерінде 7,1 пайызды құраған. 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына тартылған шетел инвестициясының жалпы көлемі 28,4 млрд. АҚШ долларына жетті.
ҚР статистика Агенттігінің көрсеткіші бойынша соңғы бес жылдағы негізгі капиталдағы инвестицияның жалдық көрсеткіші орта жылдық есеп бойынша 28,4 пайызды құрыйды. Соңғы төрт жылда ЖҰӨ-ді 1 пайызға өсіру үшін, негізгі капиталдың инвестиция өсімі 3,7 пайызға өсу керек болатын.
Қазақстан бұрыңғы Кеңес елдерінің арасында Ресейден кейінгі екінші халықаралық несие рейтінгі атағы берілген мемлекет болып табылады. Бұл әрине, Қазақстанның ұлттық нарығына шетел инвестициясының келуіне байланысты. Қазақстан экономикасында өндіріс көлемін арттыруда инвестиция жалғыз маңызды фактор болып қала береді. Шикізат секторы мен өндірісті тиімді пайдалануға негізделген экономиканың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі инвестициялық процесс арқылы анықталады. Ұлттық өндірісте интнллектуалды еңбек және жаңа еңбек күшін қамтамасыз ететін инвестиция экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауда елеулі роль атқарады. Қазіргі кезде елдің ұлттық құралында шетел инвестициясының мұнай газ салаларына жиі салынатын көруге болады. Қазақстанға келетін инвестицияның қайнар көзі болып Нидерланды, АҚШ және Фрация елдері болып табылады.
Портфельді инвестиция балансының теріс сальдосын сақтау қараздық бағалы қарыздарымен байланысты. Мұндай жағдай мұнай қорының, жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші деңгейлі банктердің активтерінің өсуіне байланысты, портфельді резидент инвестициясының шетелдерге шығу жағдайын айтады, ол 2005 жылы 5,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 4,7 есе көп.
Қазіргі заңнама бойынша қаржыландырудың жалпы көлеміндегі шетел инвестициясының үлесі азайып, керісінше трансұлттық және ұлттық компаниялардың инвестициясының ролі артуда. Қазақстан әлі де шетел инвестициясын қажет етеді, сондықтан оларды әлі де тартуға қызығушылық бар.
Шетел капиталдың келуінен шетел инвестициясын қорғау механизмінің жоқтығы мен коррупция негізгі кедергі болып табылады. Осыған байланысты инвестициялық климатты жақсарту мақсатында көптеген шаралар қарастырылады:

  • инвестициялық заңнаманы дамыту;

  • салықтық жеңілдіктер;

  • банктік жүйені қайта құру;

  • әкімшілік кедергілерді қысқарту.

Соңғы екі жыл ішінде бұл шаралардың өсу темпі ЕврАзЭС бойынша 12 пайызға тең болды, ең жоғарғы көрсеткіш, әсіресе, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінде болды. Инвесторлардың қалайтын негізі салалары болып өндірілетін өндіріс, көлік және байланыс салалары қала берелді.
Экономиканың инновацияның даму деңгейі, ең алдымен трансұлттық компаниялар, ғылыми техникалық ұйымдар, технологиялық альянстар қызметінің түрі мен саны арқылы анықталады. Бірақ, Қазақстанда арнайы инновациялық жүйенің негізгі звенолары болып табыладын ғылыми зерттеу ұйымдары мен шағын инновациялық кәсіпорындарының және инфрақұрылымының арасында тұрақты байланыс жоқ.
Инвестициялық климатқа шетел фирмаларының заңнамаға сәйкес қызметін тікелей шектеу ғана емес, сонымен қатар тараптардың қабылдаған заңнамаларының нақты емес және тұрақсыз болуы кері әсерін тигізеді, өйткені тұрақсыздық инвестирының күндігін болжауға кедергі болады, әрине ол салым рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.
Қазақстан Үкіметінің және «Қазына» қорының саясатындағы негізгі мақсат Қазақстан инвестициясын шетелге шығару. Бұл барлық ТМД ел нарықтарына, және Азия, Европа, Америкаға қатысты. Егер Қазақстанның коммерциялық банктері мен инвестициялық компаниялары Қырғызстан, Украина, Грузия және Ресей нарықтарына шығатын болса, онда «Қазына» қоры сыртқы нарықтағы Қазақстан компанияларына шынайы қолдау көрсету қажет. «Қазына» қорының құрамындағы ЖШС «Казинвест» әлемдік нарықта экономика секторлары мен жеке компаниялар туралы ақпараттарды жинау және өңдеумен айналысып, кейін оларды шетелдерде жұмыс жасайтын қазақстандық кәсіпорындарға тапсырумен айналысады.
Қазақстан шетел инвесторлары үшін үлкен қызығушылық тудыруда. Соңғы он жыл ішінде Қазақстан экономикасындағы неміс инвестициясы 500 млн АҚШ долларын құрады. Германияның инвестициялық белсенділігі әлі де арттады, өйткені индустриалды дамуы машина жасау және шикізаттақ емес секторларда жұмыс жасайтын фирмаларға үлкен мүмкіндік беруде. Қазақстандағы индустриалды-инновациялық процесстердің дамуы Германия мен Қазақстан арасында сауда айналымын арттырады, өйткені қазіргі жаңа технологиларынсыз кластарлердің дамуы мүмкін емес. Қазақстан нарығының инвестицияның тартымдылығы табиғи ресурстарға қол жеткізуді, нарықтың кеңдігін, оның стратегиялық орналасуының , ішкі саяси тұрақтылық және сәйкес заңдық базаның болйын қамтамасыз етеді.
Қазір Қазақстан бәсекеге қабілеттілік потенциалын жинақтаудың алғашқы кезеңінде. Кластерлердің дамуы қазіргі инфрақұрылымды, жоғары квалификациялы және білімді персонал, ғылыми потенцияал, иновацияны қажет етеді, және де осы факторлардың әрдайым даму үстінде болуын қажет етеді. әрине бұл кластерлерден бас тарту дегенді білдірмейді. Қазір елде кластерлердің мүмкін «нүктелері» анықталуда, мысалы Оңтүстік Қазақстанда мақта кластері және Алматыдағы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар паркі құрылуда.
Қазір Қазақстанның инвестициялық қоры жалпы сомасы 900 млрд теңгеге тең портфельді инвестициялық сұранымдарға ие. Олардың 120 жоба бойынша түскен 330 арыз 450 млрд теңгеге бағаланады. ҚР индустрия және өндіріс Министрлігінің мәліметтері бойынша институттардың жарғылық капиталы 2005 жылдың 1 қазанында 141,3 млрд теңгені құрады. Қаржылық даму институттарының инвестициялық жобаларының жинағы 2,5 млрд АҚШ долларына бағаланған 116 қабылданған инвестициялық жобалардан тұрады. Қазіргі кезде даму институттарымен 1220,1 млн долларына бағаланатын 75 жоба қаржыландыруда.
Сонымен, Қазақстан өзінің инвестициялық даму үстінеде. Нарықтық талаптарға сай ұлттық экономиканы қаржыландыру үшін инвестициялық қор, лизингтік және сақтандыру компаниялары, әр түрлі биржалар және т.б. пайдаланушы инструменттер арқылы өз шеңберін кеңейту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет