1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет26/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
3.Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы-жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексері үшін де сараптама қажет.
4.Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты-бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5.Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.Бизнес-жоспар, инвестициялық жоба – белгілі бір жобаны өткізудің экономикалық мақсатқа лайықтылығын талдаумен алдын ала зерттеу, жаңа немесе қазіргі бар болған бизнесті дамыту мақсатымен жасалатын құжаттар. Нәтижелік материалдар бір бірінен талқылаудың тереңдігі мен толықтығымен ерекшеленеді.
Бизнес-жоспарда бизнесті дамыту стратегиясы талданып негізделеді, өндірістің, сатып алу мен өткізудің мүмкін болатын нұсқалары, сонымен қатар жобаның кәсіпорын әрекетінің тиімділігіне ықпалы бағаланады; жобаның өтімділік мерзімі есептелінеді, жалпы бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың барлық топтары үшін тиімділіктің жалпы көрсеткіштері болжанады; қаржыландырудың оптималды әдістері мен графиктері, инвестициялар мен несиелік құралдарға қажеттіліктері анықталады.
Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттар үшін құралады. Көбінесе бизнес-жоспарды инвестицияларды тарту қажет болған кезде ғана құра бастау біздің елде қалыптасып қалды. Шын мәнінде ол тек сыртқы мақсаттар үшін ғана құралмайды.
Осындай сыртқы мақсаттарға: қосымша инвестицияларды немесе қарыз құралдарын тарту қажеттілігін негіздеу, фирманың бар мүмкіншіліктерін көрсету және инвесторлар мен банк тарапынан назар аударту, оларды инвестициялық жобаның тиімділігінің қажетті деңгейлігіне және кәсіпорын менеджментінің жоғарғы деңгейлігіне сендіру.
Әр инвестор ұсынылатын инвестициялық жобаға инвестициялаудың табыстылығын және жобадан қайтарып беру мүмкінділігі мен салымдардың тәуекелділік байланысын бағалағысы келеді, ал бұл үшін ең жақсы тәсіл - инвестициялық жобаның бизнес–жоспарын зерттеу мен талдау болып табылады.
Кәсіпорын бизнес-жоспарды құру көмегімен шеше алатын негізгі міндеттерге мыналар жатады:

  • Өнімді өткізу нарығының даму перспективалары мен көлемін анықтау;

  • Өнімді немесе қызметті өндіру мен өткізу бойынша, өндірісті дамыту бойынша мүмкін болатын шығындарды бағалау;

  • Табысты болжау үшін өнімге немесе қызметке мүмкін бағалары мен шығындарын салыстыру;

  • Қаржылық-шаруашылық әрекетті жоспарлау кезінде санадағы қателіктерді тауып алу;

  • Берілген өндірістің қалыптасқан экономикалық жағдайда дамуының мақсатқа лайықтылығын анықтау;

  • Тәуекелдерді бағалау.

Несиелендіру, инвестицияларды тарту немесе түрлі жобаларды қаржыландыру кезінде бизнес-жоспар негізделген оптималды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құжат ретінде қажет.
Бизнес-жоспарды (инвестициялық жоба) құрастыра отырып, отандық және халықаралық стандартты, оның ішінде «ЮНИДО» ұсынған әдістемені басшылыққа алу қажет. Аталған әдістемеге сәйкес жобада келесі параметрлер нақты белгіленуі қажет:

  • өндірістік бағдарлама;

  • сандық және авсолютті өлшемде қажетті ресурс көлемі мен құрылымы;

  • жобаны іске асыру үшін ұйымдық, техникалық және технологиялық мүмкіндіктердің болуы;

  • кадрлармен қамту;

  • жобаны іске асыруды қаржылық қамту.

Инвестициялық жобаны құрастыруға және әзірлеуге қойылатын талаптарды ерекше атап өту керек:

  1. балама жобалармен салыстыруды қамтамасыз ету;

  2. техникалық жобалау, құрылыс, өндірісті ұйымдастыру, сату, қаржы саласында шағынды есепке алу, сонымен қатар басқару саласы бойынша білікті мамандардың болуы.

Осылайша, мамандар мыналарды анықтауы тиіс:

    • жоба масштабы;

    • жобаға жұмсалатын шығын көлемі;

    • инвестицияға сұраныс;

    • жобаны іске асыру мерзімі;

    • жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары.

Инвестициялық жобаны құрастыруға қойылатын маңызды элемент немесе талап оның пысықталып, түрлі инвесторлардың бағалау мүмкіндігі болып саналады. Жобаны инвестициялаудың мақсаттылығын бағалау кезінде инвестор мынаны есепке алады:

  • жобаны техникалық пысықтау;

  • коммерциялық сатылуы;

  • экономикалық және қаржылай пысықталуы;

  • жобаны іске асыруды кадрлық қамту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет