Мысалы
|
Өздік етіс
|
Ырықсыз етіс
|
Бастауыш қимыл иесі
|
Қимыл иесі сөйлемде тұрады
|
Субъекті мен объекті бір зат
|
Объектіден болған бастауыш
|
Қимыл иесі сөйлемде жоқ
|
Субъекті мен объекті екі зат
|
Өздік етіс
|
Ол таранды.
|
Ол
|
Ол
|
Ол
|
|
|
|
Ырықсыз етіс
|
Егін орылды.
|
|
|
|
Егін
|
Олар
|
Олар егін
|
Өзгелік етіс. Қимылдың сөйлеуші мен тыңдушыдан басқа бөгде біреу аркылы жасалатынын білдіретін етісті өзгелік етіс дейміз. Мысалы: Сен оған бұл жұмысты тез бітірт. Оны келтір, оған жазғыз, оған айтқыз т. б.
Сөйлеуші мен тыңдаушы қимылға тікелей қатыспағанымен қимылдың жасалуына әсер етеді, пассив түрде қатысады.
Жасалу жолы:
1. -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз: алғыз,жапқыз,көрсеткіз,жүргіз.
2, -дыр, -дір, -тыр, -тір: жаздыр,білдір,келтір,таптыр.
3, -т: келтірт сайлат, жайнат.
4. -ыр, ір, ар: қатыр, кетір, шығар.
Өзгелік етістің жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:
Сен кел – салт етістік.
Сен оны келтір – сабақты етістік.
Сен сана – салт етістік.
Сен санат – сабақты етістік.
Сен отыр – салт етістік.
Сен оны отырғыз – сабақты етістік.
Ортақ етіс. Қимылдың бірнеше субъектіге ортақтығын білдіретін етісті ортақ етіс дейміз. Мысалы: Олар айтысты. Айтысу қимылы – сол қимылға қатысушылардың бәріне ортақ.
Жасалу жолы: Ортақ етіс етістіктің түбіріне -ыс, -іс, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: көріс, сөйлес, керіс, табыс, санас,салыс, жинас.
Өздік етіс пен ырықсыз етіс объекті мен субъектілік катысты білдіреді. Өзгелік етіс пен ортақ етіс субъектілік қатысты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |