1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Болымды , болымсыз етістік



бет42/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Болымды , болымсыз етістік
Қазақ тіліндегі барлық етістіктер болымды, болымсыз болып бөлінеді.
Болымсыз етістіктер болымды етістіктердің түбіріне -ма, -ме, (-ба, -бе, па , -пе) жұрнағын жалғау арқылы жасалады.Мысалы: бар – барма , көтер – көтерме, сөйле – сөйлеме, сөйлес – сөйлеспе, шық – шықпа, шығар –шығарма, жаз – жазба, жазғыз – жазғызба.
Болымсыз етістіктің жұрнағы сұрау шылауымен тұлғалас. Мысалы: Сен бүгін келдің бе? Ол осыны түсіне ме? Суретті ол салған ба? Бұл мысалдарда сұрау шылауы көсемше, есімше, жіктік жалғауына аяқталған сөздерден кейін келіп тіркесіп, сөйлемге сұрау мағынасын беріп тұр.
Етістіктің болымсыздық жұрнағы — сөзде көсемше, есімше, рай жұрнақтарынан, жіктік жалғаудан бұрын қолданылатын қосымша. Мысалы: көрме-й-ді, кел-ме-ген, айт-па-й-мын, қал-ма-ғай-сың, бер-ме-се. Етістіктің жұрнағы өзі жалғанған сөзге болымсыздық мағына береді.
63-жаттығу. Етістіктің болымсыдық мағынасын жасап тұрған грамматикалық форманы табыңыздар.
1.Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз, телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды (М.Ә.). 2. Сүйер-сүймесін білмейтіндей дел-сал да болмайды (Ғ. М.). Абай Базаралыны енді қорлатып, айдатуға көнбек емес (М.Ә.). Рақмет еш уақытта әріп көрген емес еді (С.Е).
Етіс.
Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз. Мысалы: Олар сөйлесті. Мұнда етіс қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіріп тұр. Ол таранды дегенде, етіс қимылдың объектісі мен субъектісінің бір зат екенін білдіреді.
Етіс төрт түрлі: 1. Өздік етіс. 2. Ырықсыз етіс. 3. Өзгелік етіс. 4. Ортақ етіс.
Өздік етіс. Қимыл,субъектінің өзіне бағытталып, объекті мен субъектінің бір зат екенін білдіреді. Мысалы: Мен жуындым. Жуған да, яғни субъекті де, жуыну қимылына түсуші объекті де – мен.
Жасалу жолы:
1. -ын, ін, ні таранды, киінді, суынды.
I. -ыл, -іл, -л: қосылды, түйілді
Өздік етіс жұрнағы сабақты етістіктен салт етістік жасайды.Мысалы: Шашыңды тара – сабақты етістік.
Ол таранды – салт етістік.
Қолын қыс – сабақты етістік.
Ол өте қысылды – салт етістік.
Ырықсыз етіс. Қимыл өздігінен жасалғандай болып көрінетін қимыл иесінсіз айтылатын етістің түрін ырықсыз етіс дейміз. Мысалы: Егін орылды. Егінді орған қимыл иесі айтылмаған, сөйлемде қимыл иесінің орнына объекті (егін) бастауыш болып тұр.
Жасалу жолы: ырықсыз етіс етістіктің түбіріне -ыл,-іл,-л ,-ын, -н жұрнақтары жалғану аркылы жасалады. Мысалы: Егін орылды. Мал бағылды. Су төгілді. Жұмыс жасалды. Үй салынды . Ет желінді. Қиім тазаланды.
Ырықсыз етіс жұрнағы сабақты етістіктен салт етістік жасайды. Мысалы: Үйді сал – сабақты етістік.
Үй салынды – салт етістік.
Егінді ор – сабақты етістік.
Егін орылды – салт етістік.
Ырықсыз етіс қимыл иесін керек етпей, оның орнына толықтауыш болатын объекті сөйлемнің грамматикалық бастауышы болады, ол сөйлем тура толықтауышсыз айтылады.

Өздік етіс пен ырықсыз етістің айырмасы









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет