10-БИЛЕТ
1. Реституция ұғымы
2. Колондардың құқықтық жағдайы
3. ХII-кестезаңдары
1. Реституция ұғымы
Реституция - бұрынғы қалпына қайта келтіру. Бұл тәсіл пайда болған дауға жалпы нормаларды қолдану заңды емес деп таныған жағдайда қолданылатын. Реституцияны қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет: залалдың болуы; реституция негізі; мезгілінде өтіну.Реституцияны қолдану мерзімі залал болған кезден бастап бір жыл.Иеленуге енгізу преторлық құқық бойынша мұрагер деп танылған тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылды.
2. Колондардың құқықтық жағдайы
Колондарды бізге жақын ұғымда диқандар деп айтуға болады. Колондар - ерікті азаматтар болып, бірақ та құқықтық жағдайда Рум азаматтарымен сәйкес болмаған. Олардың құқықтық жағдайы жер иелеріне өте байланысты болған. Жерге ие болмай, колондар жерді жалдап алатын. Ал жалдайтын құны тым қымбат болған. Содан соң, колондар өмір бойы қарайдан шыққан жоқ. Рум колондарының жағдайы орыстардың крепостік диқандарға (крепостные крестьяне) сәйкес болған. Астық өсіріп, колондар өнімдеп көбін жер иесіне беретін. Құл болмай колон құл сияқты болатын. Бірақ jus conubii,jus commercii бұларғa тараған. Әскерге де баратын (jus militarii). Jus suffragii, jus honorum бұларға тыйым болған жоқ, бірақ оларды пайдалануға мүмкіндік болған жоқ. Өйткені колондар жеріне өте байланысты болатын. Мұрагерлік құқықтар (testamento factio activa, tesamento factio passiva) болған, бірақта колондарда eшбір мұраға жарайтын мүлік болған жоқ. Колондардың заманын колонат деген.
3. ХII-кесте заңдары
Римнің алғашқы құқығы * 12 кесте заңы * деген атпен белгілі болды. Ол Рим мемлекетінің аланыңда, 12 ағаш тақтайға жазып қалдырған заңдары болған.
Оның негізгі талаптар: барлық рим азаматтары осы заңдарды білуі тиіс еді.
Екі топқа бөлінді:
1 топқа – скоттар, жер, құлдар;
2 топқа – осы үштен басқа барлығы тиісілі болды.
11-БИЛЕТ
1.Мәміленің жарамды болуына қажетті жағдайлар ретінде қатысушының еркі мен еркін білдіруі
2. Римдік отбасы. Агнаттық және когнаттық туысқандық
3. Міндеттемені орындау
1.Мәміленің жарамды болуына қажетті жағдайлар ретінде қатысушының еркі мен еркін білдіруі
Келісім шарт еріксіз жасалу болмайды. Бірақ тұлғаның еркі айқын белгілену қажет. Мысалы, келісім шарттар жасау үшін манципация, стипуляция әдістері қолданғанда тұлғаның еркі айқын білдірілетін. Еріктің сыртқы пішіні біріне бірі сай болу қажет, олай болмағанда келісім шарт жарамсыз деп танылуға болады. Мысалы, қорқытумен, алдаумен жасалған мәмілелерде тұлғаның нақты еркі сыртқы нысанда көрсетілгеніне сәйкес келмейді. Біреуге мүлкін силау тұралы келісім шартқа қол қойган тұлға негізінде ол мүлкін мәжбурлеу негізінде беруі мүмкін. Сондықтан адасу, алдау, мәжбүрлеу жолдарымен жасалған келісім шарттар жарамсыз деп танылады.
2. Римдік отбасы. Агнаттық және когнаттық туысқандық
Ежелгі рим қоғамының негізгі құрамы болып отбасы саналатын — familia. Рим отбасына мүшелік тек қана еркін рим азаматтарына тән болатын. Осы рим отбасына қатыстығы, еркіндік қабілетімен қоса, азаматтардың құқықтық жағдайын, яғни құқық субъектісі болуын, белгілейтін.
Агнаттық және когнаттық туысқандық. Отағасынан басқалар тәуелділер болды. Мұндай отбасы агнаттық туыстық негізінде құралатын.
Отағасы өзінің қоластындағы агнаттарына толық билік ететін – мүліктеріне де, өмірлеріне де. Мысалы, ол өз балаларын, құлдарын сияқты, жазалап, сатуға да, өлтіруге де жететін. Әйелдің жағдайы да отбасында өте төмен болатын. Ол өз балаларына ешқандай құқылы болмады, оларға теңдес саналатын. Әуелі өте бай әке-шешеден тұған қыз күйеуге шыққан соң сол үйдің отағасына толық бағынатын.
Ондай туыстық тиімсіз болғандықтан адамзат дамыған сайын бұл жағдайдың өзгеруіне келді. Яғни, агнаттық туыстықтың орнына когнаттық туыстық келді. Осыдан кейін familia құрамында тек отағасы, жұбайы, балалары саналатын болды. Бұл туыстық қандастардың туыстығы болып келеді.
3. Міндеттемені орындау
Міндеттемені орындау - міндеттемелік құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің басты мақсаты болып келеді. Міндеттеме - оның орындалуымен аяқталады
Рим құқығы бойынша міндеттемені орындау мерзімі - міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде тиісті болған.
Міндеттемені орындалатын жер - егер міндеттеме орындалатын жер оның шарттарында белгіленбесе, ол мүліктің орналасқан жері немесе талап қою дерінде орындалуға тиісті болған.
Достарыңызбен бөлісу: |