8-БИЛЕТ
1. Рим құқығының қайнар көздерiнiң төсiнiгi және түрлерi
2. Перегриндердің құқықтық жағдайы
3. Деликт тәріздес міндеттемелер ұғымы және түрлері
1. Рим құқығының қайнар көздерiнiң төсiнiгi және түрлерi
Рим құқығының қайнар көзі дегеніміз – Ежелгі Рим мемлекетіндегі құқық нормаларының көрініс табу, бекіту нысандары. Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі:
1) Әдеттік құқық – бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған.
2) Заңдар – Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық қайнар көзі ретінде заң қарастырылды. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.
3) Магистраттық құқық - Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген.
4) Заңгерлердің іс-әрекеті – Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті.
5) Мемлекет басшысының қаулылары - монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады. Императордың өкімдерін конституциялар деп атады. Олардың төрт түрі болды:
Эдикт немесе жарлық – бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке және жариялы сала).
Мандат – мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.
Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.
Декрет – нақты даулы істер бойынша императордың шешімі.
2. Перегриндердің құқықтық жағдайы
Перегриндер –деп Римнiң қоластындағы және оған кiрмейтiн елдердiң тұрғындары.
Пайда болу жолары:
1. Перегрин некесiнен туылған балалар;
2. Империядан тыс жерлерде өмiр сұрген адамдарсоттың шешiмiмен,императордың қаулысымен перегрин аты берiлгендер;
3.Перегриндерге саяси құқықтық жағдай болған жоқ. Азаматтық қатынастарда олар өздерiнiң Ұлттық құқық жұйелерi бойынша жасайтын. Пергриндерге Рим азаматтығын алуға мүмкiндiктер болатын:
1. Заң бойынша егер рим мемлекетiнде белгiлi қызмет атқаратын болса;
2. Арнайы актiлер бойынша мемлекеттiк билiк белгiлi бiр перегриндердiң тобына немесе пергринге рим азаматтығын берген жағдайда;
3. Деликт тәріздес міндеттемелер ұғымы және түрлері
Заң бойынша рұқсат етiлмеген, бiрақ деликт қатарына да кiрмейтiн iс-әректтер деликт тәрiздi әрекеттер деп аталатын. Және мұндай iс-әрекеттер үшiн мiндеттеме белгiленедi.
Деликт тәрiздi әрекеттерден туындайтын мiндеттемелерге мысал ретiнде тұмендегiлердi жатқызуға болады:
Егер ғимараттың терезесiнен адам жұретiн жерге бiр нәрсе тұсетiн немесе төгiлетiн болса және осыдан бiреу қандай да зардап шегетiн болса,онда ол адам преторлық эдикт бойынша тұгiлген үйдiң иесiне қарсы талап қоюға құқығы болатын. Үйдiң иесiнiң кiнәлiлiгiне қарамастан ол мiндеттемеге ие болатын. Мыс: егер жоғарыдан құлаған заттың кесiрiнен бөтеннiң мүлкi бүлiнетiн болса, онда оның екi есе құнын тұлеттiретiн болған; ал егер азат адамның өлiмiне әкеп соғатын болса, онда 50 мың сестерции көлемiнде айыппұл төлеттiретiн болған.
Деликт тәрiздi әрекеттен туындайтын мiндеттемелерге тағы бiр мысал ретiнде, егер үйдiң терезесiнде құлау қауiпi бар және содан зиян келтiру қауiпi бар зат iлiнiп тұратын болса, онда кез келген азамат зиян келтiрмегенiне қарамастан үй иесiне қарсы талап қоюға құқылы болатын. Мұндай талап бойынша 10 мың сестерции айыппұл төленетiн.
Түрлері: инюрия – жеке басына зиян келтіру, фуртум - ұрлау, біреудің мүлкін заңсыз бүліндіру немесе жою
Достарыңызбен бөлісу: |