1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар


Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді



бет6/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді:
Заңнамаларға және претор эдиктілеріне түсіндірме беру – дигестілер.
Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.
Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияқты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады.

2.Иелену ұғымы мен түрлері


Иелену құқығы - иелену толық болу үшін тұлға затқа нақты иелік етіп, оған өзінің меншігіндегі затқа сияқты қарап, пайдалануы тиіс. Затты иелену заттық құқықтардың көрнекті түрінің бірі болып саналатын және оның басқа түрлерімен салыстырғанда аяғына дейін ашып қарастырылмаған бөлігі.
Рим құқығында затты иеленудің заңи негіздеріне сәйкес иелену екіге бөлініп қарастырылған:

  1. Заңды иелену – тұлғаның затты заңи негіздерге сәйкес иеленген жағдайда орын алатын түрі. Иеленудің бұл түріне қожайыны жоқ немесе қожайыны белгісіз затты тауып алып, оған иелік етуді мысал ретінде келтіруге болады.

  2. Заңсыз иелену – тұлғаның затты заңсыз жолдармен алып иеленуі. Мысалы, бір тұлға затты ұрлап алып өз меншігіндей нақты иеленген жағдайда.

Сонымен бірге, заңды иеленудің өзі оның пайда болу жолдарына байланысты екі топқа жіктеледі. Тұлға затты иеленуге құқығы жоқ екендігін білмесе немесе білуге мүмкіндігі болмаса, бұл жағдай адал иелену болып табылады. Ал егер тұлға затқа деген өзінің құқығының жоқтығын біле тұра немесе жоқ екендігін анықтау мүмкін жағдайда анықтамаса, бұл – арам иелену. Адал иеленудің нәтижесінде белгілі бір уақыт өтуіне байланысты тұлғада затқа қатысты меншік құқығы пайда болған.

3.Рим құқығының тарихи мәнi


Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құралыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.
Рим азаматтық құқығы азаматтық құқықтың негізі болып табылады.
Рим құқығының қалыптасуы 3 дәуірге бөлген. Олар:
1-дәуір. Рим құқығының құрылуы мен дамуы;
2-дәуір. Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы;
3-дәуір. Империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөлінеді: Принципат және доминат.
Рим құқығы:
1. Жеке құқық –мүліктік қатынастарды реттейді;
2. Жариялы құқық – биліктік қатынастарды реттейді.
Рим құқығының жүйесі:
1. Цивильдік – тек рим азаматтарына қолданады
2. Преторлық құқық – құқықты реттеуге байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет