1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар


Некеге тұрудың үш тәсілі болды



бет3/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Некеге тұрудың үш тәсілі болды:
1) абыздар мен 10 куәгердің қатысуымен болатын діни салт бойынша құрбандық беру арқылы жасалатын неке;
2) құнды заттарды сатып алуға байланысты бекітілген ережелер бойынша күйеуінің болашақ әйелін, әйелінің әкесінен сатып алуы;
3) ешқандай тәсілді қолданбай-ақ жасала беретін sine manu некесі.
Некені бұзу шарттары: жұбайының қайтыс болуы, біреуінің еркіндігінен айырылуы, ажырасу. Елеулі жағдайлар болмағанда ажырасуға тыйым салынды.

3. Юстиниан кодификациясы


Кодификация (сұрыптау) –
Алғашқы ресми кодификация 5 ғ. бірінші жартысында император Феодосийдің тұсында жасалды. Нәтижесінде 16 кітаптан тұратын Феодосий кодексі пайда болды. 6 ғ. бірінші жартысында император Юстинианның тұсында жаңа кодификация жүргізілді. Негізгі мақсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.
Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж.). Осының нәтижесінде жарық көрген Юстиниан жинағы 4 ауқымды бөліктен тұрды, бірақ алғашқыда Юстиниан жарлығы 3 бөліктен тұрды:
1.Императордың конституцияларынан тұратын кодексі;
2. Римнің 39 заңгерінің шығармалар жинағы – дигестілер немесе грекше Пандекттер;
3.Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.
Кейін 4-ші бөлік болып Новеллалар қосылды. Новеллалар – Императордың конституцияларынан тұратын, 534-556 жылдары шыққан жаңа заңдар жинағы.


3-БИЛЕТ
1. Либертиндердің құқықтық жағдайы
2. Рим құқығының заңгер үшiн мәнi
3. Тұлғалар

1. Либертиндердің құқықтық жағдайы


 Қожайыны бостандық берген құлдар либертиндер деп аталды. Юстинианның басқаруына дейін либертиндердің жария құқық саласында келесідей құқықтары болмады:
- рим әскерінде қызмет ете алмады;
- сенатор, магистрат бола алмады;
- І ғ.бастап халық жиналыстарына қатынаса алмады.
Осы сияқты шектеулер жеке құқық саласында да кездесетін. Мысалы, Августтың басқаруына дейін олар бас бостандығын иеленіп дүниеге келгендермен үйлене алмайтын сондай-ақ, сенатор лауазымына ие тұлғалармен либертиндердің некесіне салынған тыйым Юстинианға дейін сақталынды.
Сонымен бірге, либертин өзінің бұрынғы қожайынына тәуелді болды. Мысалы, паторынының келесідей құқықтары болды:

1) либертиннің өзіне құрметпен қарауын талап етуге; Мысалы, осы себепті либертин өзінің паторынын сотқа шақыра алмайтын яғни,патронының өзім білем деушілік әрекетінен қорғансыз болатын;
2) патронға белгілі-бір қызмет көрсету. Бірақ,manumissio арқылы бостандық берілген құлдардың санының артуына орай, императора Август бірқатар шектеу шараларын қабылдайды.
2. Рим құқығының заңгер үшiн мәнi
Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының қайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатқа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атқара алды. Олар ғана заңға талқылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:
Заңи кеңес беру (respondere).
Жазбаша құжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere).
Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет