1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет24/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
25-БИЛЕТ
1. Цивильдiк және преторлық құқық
2. Римдік отбасындағы әке билігі. Патерфамилиа
3. Реституция ұғымы


1. Цивильдiк және преторлық құқық
Цивильдік құқық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылық қатынастардың өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды құқықтық реттеу халық құқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық рим емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын қорғады.
Претор өзге бiреуге мұрагерлiк құқықты бере алмайды. Бiрақ сот қызметiнiң басқарушысы ретiнде претор цивильдiк құқық нормаларына тәжiрибелiк мән беруi немесе цивильдiк құқықтың кейбiр ережесiн күшiнен айыра алатын.
2. Римдік отбасындағы әке билігі. Патерфамилиа
Әке билігіүй иесі болып есептелінгендіктен отбасы мүшелерінің бәріне уатысы жүргізілген. Балаларына қатысты әкесі мынандай құқықтарға ие болған:

Балалары мүліктік құқықтарға ие болмаған.
Әке мен бала арасындағы қатынаста әкесінің сиm manu немесе sine manu некесінде тұрама ешқандай айырмашылығы жоқ болды. Балалар барлық уақытта әке билігінде болады.
Алғашқыда бұл билік шексіз болды, кейін келе жеңілдетілді. Оның негізгі себебі болып қалаларда әртүрлі кәсіптердің дамуы болды: көптеген балалар өзінің жеке шаруашылықтарын тапты.
Патерфамилиас деп толық отағасының билігіндегі отбасы құрамы аталды. Отағасынан басқалар тәуелділер болды. Мұндай отбасы агнаттық туыстық негізінде құралатын. Мәселен, біреудің қызы күйеуге шыққан соң өзінің төркінінің туысы емес, күйеуінің және оның әкесінің толық билігіне кіретін.

3. Реституция ұғымы


Реституция – бұрынғы қалпына қайта келтіру. Бұл тәсіл пайда болған дауға жалпы нормаларды қолдану заңды емес деп таныған жағдайда қолданылатын. Реституцияны қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет:
залалдың болуы;
реституция негізі;
мезгілінде өтіну.
Реституцияны қолдану мерзімі залал болған кезден бастап бір жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет