15-БИЛЕТ
1. Магистраттардың эдиктылары
2. Рим құқығының тарихи мәнi
3. Мұрагерлік . Негізгі ұғымдар
1. Магистраттардың эдиктылары
Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген. Магистраттың эдиктісі – магистраттың лауазымына кірісу кезінде шығаратын бағдарлама сипатындағы арнайы актісі. Бұл бағдарламада магистраттар өз қызметін қандай қағидаларға сүйеніп, қандай құндылықтарды сақтай отырып жүзеге асыратындығы көрсетіледі.
2. Рим құқығының тарихи мәнi
Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құрылыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.
Рим азаматтық құқығы азаматтық құқықтың негізі болып табылады.
Рим құқығының қалыптасуы 3 дәуірге бөлген. Олар:
1-дәуір. Рим құқығының құрылуы мен дамуы;
2-дәуір. Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы;
3-дәуір. Империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөлінеді: Принципат және доминат.
Рим құқығы:
1. Жеке құқық –мүліктік қатынастарды реттейді;
2. Жариялы құқық – биліктік қатынастарды реттейді.
Рим құқығының жүйесі:
1. Цивильдік – тек рим азаматтарына қолданады
2. Преторлық құқық – құқықты реттеуге байланысты.
3. Мұрагерлік . Негізгі ұғымдар
Мұрагерлік дегеніміз – ол қайтыс болған адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі. Мұрагерліктің нәтижесінде әмбебап құқықмирасқорлық туындайды. Яғни, мұра қабылдау нәтижесінде мұрагерлерге қайтыс болған адамның (мұра қалтырушының) құқықтары ды, міндеттері де ауысады. Сонымен қатар рим құқығында сингулярлық мирасқорлық туралы ережелер де бекітілген. Сингулярлық мирасқорлық бойынша қайтыс болған адамнан өзге тұлғаларға барлық құқықтары мен міндеттері емес, ал тек қана кейбір құқықтар ауысатын (қалдырылатын). Мысалы, хабитация – бөтен адамның үйінде өмір сүру.
16-БИЛЕТ
1. Рим заңгерлерінің қызметі. Қызмет ынсандары. Заңгерлердің аттары
2. Эмфитевзис және суперфиций
3. Тұлға және құқық қабілеттілігі
1. Рим заңгерлерінің қызметі. Қызмет ынсандары. Заңгерлердің аттары
Заңгерлердің қызметі (іс-әрекеттері). Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының қайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатқа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атқара алды. Олар ғана заңға талқылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:
Заңи кеңес беру (respondere).
Жазбаша құжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere).
Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere).
Достарыңызбен бөлісу: |