1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет10/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

12-БИЛЕТ
1. Шарттардың жарамды болуы
2. Латындардың құқықтық жағдайы
3. Рим заңгерлерiнiң қызметi. Заңгерлер мектебi

1. Шарттардың жарамды болуы


Ол үшін бірінші талап – тараптардың келісілген еркі болу қажет;
Екінші талап – шарттың заңдылығы, заңға сәйкестігі.
Үшінші талап – келісімнің айқындылығы
Төртінші талап – міндеттеменің орындалу мүмкіндігі.
Бесінші талап – борышқор жасайтын әрекет кредиторға мүдделі болу керек.

2. Латындардың құқықтық жағдайы


Латиндер – ол Рим қаласы орналасқан Лациум деген облыстың (аймақтың) атауынан аталып кеткен ежелгі итальяндықтар. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады.
Латындардың құқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік өкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латындардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды.

3. Рим заңгерлерiнiң қызметi. Заңгерлер мектебi


Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының қайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатқа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атқара алды. Олар ғана заңға талқылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:
Заңи кеңес беру (respondere).
Жазбаша құжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere).
Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere).
Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді:
Заңнамаларға және претор эдиктілеріне түсіндірме беру – дигестілер.
Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.
Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияқты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет