1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет12/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

14-БИЛЕТ
1. Рим азаматтық құқығының қайнар көздері, ұғымы және түрлері
2. Экстраординарлық iс-жүргiзулерiнiң түсiнiгi
3. Рим құқығының құқық тарихындағы маңызы

1. Рим азаматтық құқығының қайнар көздері, ұғымы және түрлері


Рим құқығының қайнар көзі дегеніміз – Ежелгі Рим мемлекетіндегі құқық нормаларының көрініс табу, бекіту нысандары. Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі:
1) Әдеттік құқық – бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған.
2) Заңдар – Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық қайнар көзі ретінде заң қарастырылды. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.

3) Магистраттық құқық - Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген.


4) Заңгерлердің іс-әрекеті – Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті.
5) Мемлекет басшысының қаулылары - монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады. Императордың өкімдерін конституциялар деп атады. Олардың төрт түрі болды:

  1. Эдикт немесе жарлық – бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке және жариялы сала).

  2. Мандат – мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.

  3. Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.

  4. Декрет – нақты даулы істер бойынша императордың шешімі.

2. Экстраординарлық iс-жүргiзулерiнiң түсiнiгi


3-ғасырдың соңында формулярлық iс-жүргiзудiң орнына экстраординарлық iс-жүргiзу келген едi. Бұл iс-жүргiзу екi кезеңге бүлiнбейдi және магистрат судьяға iстi бермейтiн. Экстраординарлық iс-жүргiзудi әкiмшiлiк органдар жүзеге асыратын. Iстiң қаралуы жариялылық болып есептелмейтiн. Егер талапкер iс қаралған кезде келмейтiн болса, iс аяқталған. Ал егер жауапкер келмейтiн болса, онда iс сырттай қарастырылған. Экстраординарлық iс-жүргiзу бойынша апелляцияны беруге мүмкiндiк болды. Сот шешiмiн мемлекеттiк органдар талапкердiң ұтiнiшi бойынша жүзеге асыратын.
3. Рим құқығының құқық тарихындағы маңызы
Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құрылыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.
Рим азаматтық құқығы азаматтық құқықтың негізі болып табылады.
Рим құқығының қалыптасуы 3 дәуірге бөлген. Олар:
1-дәуір. Рим құқығының құрылуы мен дамуы;
2-дәуір. Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы;
3-дәуір. Империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөлінеді: Принципат және доминат.
Рим құқығы:
1. Жеке құқық –мүліктік қатынастарды реттейді;
2. Жариялы құқық – биліктік қатынастарды реттейді.
Рим құқығының жүйесі:
1. Цивильдік – тек рим азаматтарына қолданады
2. Преторлық құқық – құқықты реттеуге байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет