1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар


Өзінің мәртебесі жағынан заңды тұлға 3 негізгі түрге бөлінеді



бет5/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Өзінің мәртебесі жағынан заңды тұлға 3 негізгі түрге бөлінеді:

Мемлекет алғашқыда саяси биліктің жүргізуші, жариялы-құқықтық қатынасқа түсуші субъект ретінде қатысты.
Қауымдастық (муниципиялар) – бұған жақын кез келген рудан шыққан қоғам бірлестіктері кірді (абыз алқалары, діни бірлестіктері, қолөнершілер мен саудагерлер цехтары, т.б. қауымдастықтар).
Мекемелер (шіркеулер, қорлар, емханалар) билік көрсетуші тараптар арнайы актымен таныған жағдайда ғана заңды тұлға ретінде мүліктік қатынасқа түсе алатын субъект болып есептеледі. Бірақта олар шіркеу билігіне бағынды.


6-БИЛЕТ
1. Сатып алу сату шарты консенсуалды контрактілердің ең маңыздысы ретінде
2. Құлдардың құқықтық жағдайы
3. Әке билігі

1. Сатып алу сату шарты консенсуалды контрактілердің ең маңыздысы ретінде


Сатып алу – сату шартында тараптардың екеуінде де құқықтарда, міндеттер де пайда болады. Мысалы, сатушы тауарды беруге міндетті, сонымен қатар төлем ақыны талап етуге құқылы. Ал сатып алушы тауардың бағасын төлеуге міндетті, сонымен қатар сатып алған затты өзіне тиісті мерзімде, сапада беруды талап етуге құқылы. Мұндай екітарапты шарттар синаллагматикалық шарттар деп аталады. Synallagma - айырбастау, яғни тараптардың міндеттері мен құқықтары өзара пайда болатын келісім шарттар.
2. Құлдардың құқықтық жағдайы
құлдар қоғамның ең төменгі сатысын көрсетті. Олардың құқықтары мойындалмады, өз еркімен олар құқықтық қатынастар жасай алмады. Құлдарды субъект ретінде емес, объект (зат) ретінде қарастырды.
Құлдықтың пайда болу көздері төмендегідей болды:

  1. Құл-анадан дүниеге келу;

  2. Құл ата-анадан туу;

  3. Тұтқынға түсу;

  4. Құлдарды сауда-саттыққа салу;

  5. Қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жұмысқа жіберуге жазалану.

Еркіндікке жіберілгендер, яғни бұрынғы құлдардың, құқықтары толық болған жоқ. Олар мемлекет қызметімен айналыса алмады. Құлдарды арнайы әдіспен еркіндікке жіберу мanumissio деп аталатын.
Егер құл, тек преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік құқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын және квирит құқығына ие бола алатын.
Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген құл құлдықтан босатылатын. Бірақ lex Aelia Sentia заңы құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:
- 30 жасқа толмаған құлды босату немесе 20 жасқа толмаған қожайын құлды босататын болса, ерекше комиссияның алдын ала тексеруі қажет болды;
- таңбаланған құлдар босатылғаннан кейін перегриндар қатарына жататын.
Егер де құлды босатудың салдарынан несие берушіге немесе патронға зиян тигізілетін болса, құлдықтан босатудың еш мәні жоқ деп саналатын. Яғни, Элия Сенция заңы еркіндікті жоққа шығарды деп айтуға болатын.
3. Әке билігі
Әке билігі - үй иесі болып есептелінгендіктен отбасы мүшелерінің бәріне уатысы жүргізілген. Балаларына қатысты әкесі мынандай құқықтарға ие болған:
• баласының кәмелетке толғанға шейін өмірінің тағдырын шешуі;
• жаңа туған сәбиін қадағалаусыз қалдыру;
• қызын не ұлын құлдыққа сату.
Балалары мүліктік құқықтарға ие болмаған.
Әке мен бала арасындағы қатынаста әкесінің сиm manu немесе sine manu некесінде тұрама ешқандай айырмашылығы жоқ болды. Балалар барлық уақытта әке билігінде болады.
Алғашқыда бұл билік шексіз болды, кейін келе жеңілдетілді. Оның негізгі себебі болып қалаларда әртүрлі кәсіптердің дамуы болды: көптеген балалар өзінің жеке шаруашылықтарын тапты.


7-БИЛЕТ
1.Заңгерлер қызметі
2.Иелену ұғымы мен түрлері
3.Рим құқығының тарихи мәнi

1.Заңгерлер қызметі


Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлықтары (институциялары) рим құқығының қалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының қайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатқа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атқара алды. Олар ғана заңға талқылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:
Заңи кеңес беру (respondere).
Жазбаша құжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere).
Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет