1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет8/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

9-БИЛЕТ
1.Рим азаматтық құқығының маңызы
2. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны
3. Рим құқығын кодификациялау

1.Рим азаматтық құқығының маңызы


Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құралыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.
Рим азаматтық құқығы азаматтық құқықтың негізі болып табылады.
Рим құқығының қалыптасуы 3 дәуірге бөлген. Олар:
1-дәуір. Рим құқығының құрылуы мен дамуы;
2-дәуір. Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы;
3-дәуір. Империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөлінеді: Принципат және доминат.
Рим құқығы:
1. Жеке құқық –мүліктік қатынастарды реттейді;
2. Жариялы құқық – биліктік қатынастарды реттейді.
Рим құқығының жүйесі:
1. Цивильдік – тек рим азаматтарына қолданады
2. Преторлық құқық – құқықты реттеуге байланысты.

2. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны


Меншік құқығы – заттық құқықтың негізгі және басты түрі. Бұл дегеніміз тұлғаның затты басқару, пайдалану және иелену құқықтары толық көлемде айқындалады. Меншік құқығына ие тұлғалар заттың нағыз қожайыны болып табылған.
Меншік құқығының туындау жолдарын атап өтер болсам:
1)оккупация-қожайыны бас тартқан, қожайыны мүлде жоқ немесе жаудың мүлкін басып алу нәтижесінде затты меншікке айналдыру;
2)біріктіру – тұлғаның өзіне тиісті затты басқа тұлғаның затына қосып өңдеу нәтижесінде пайда болған затты өз меншігіне өткізу.
3)спецификация – біреудің затын қайта өңдеу немесе біреудің материалынан жаңа зат жасап шығару нәтижесінде затты меншіктеу.
4) иелену көнелігі нәтижесінде пайда болатын меншік құқығы.Бұл жерде көмбе терминын ацта аламыз,яғни көне затты тапқан адам өзіне немесе жер иесімен бөліп алу.
5) өсиет бойынша өтуі;
6)заттарды беру,яғни традиция.
7) біреудің затын пайдалану нәтижесінде пайда болған жаңа затқа қатысты меншік құқығы,мысалы сиырдың сүті.
8) претордың немесе судьяның шешімімен бекітілетін меншік құқығы.
Меншік құқығының тоқтатылуы мына жағдайларда орын алды:
1)қожайынының бас тартуы;
2)заттың жойылуы;
3)затты беру,сыйлау;
4)затты тәркілеу.
3. Рим құқығын кодификациялау
Кодификация (сұрыптау) – қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдеттегі құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.
Нормативті материалдардың көбеюі және оның сан алуандығы Рим құқығын кодификациялауды қажет етті. Алғашқы ресми кодификация 5 ғ. бірінші жартысында император Феодосийдің тұсында жасалды. Нәтижесінде 16 кітаптан тұратын Феодосий кодексі пайда болды. 6 ғ. бірінші жартысында император Юстинианның тұсында жаңа кодификация жүргізілді. Негізгі мақсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.
Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж.). Осының нәтижесінде жарық көрген Юстиниан жинағы 4 ауқымды бөліктен тұрды, бірақ алғашқыда Юстиниан жарлығы 3 бөліктен тұрды:
1.Императордың конституцияларынан тұратын кодексі;
2. Римнің 39 заңгерінің шығармалар жинағы – дигестілер немесе грекше Пандекттер;
3.Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.
Кейін 4-ші бөлік болып Новеллалар қосылды. Новеллалар – Императордың конституцияларынан тұратын, 534-556 жылдары шыққан жаңа заңдар жинағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет