1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар


Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді



бет4/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Заңгерлердің еңбектері екі топқа бөлінді:
Заңнамаларға және претор эдиктілеріне түсіндірме беру – дигестілер.
Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.
Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияқты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады.

3. Тұлғалар


Құқықтық қатынастардың субьектiлерi абстракттi тұлғалар (персона) ретiнде ғана жасайды. Бiрақ құл иеленушi қоғамда барлық адамдар тұлғалар ретiнде қарастырылған. Құқықтырдың жиыны тұлғалардың мәртебесiн анықтайтын. Мәртебе жоғары болған сайын құқық қабiлеттiлiктiң көлемi кең болады. Құқық қабiлеттiлiк бұл құқықтың субьектiсi болу үшiн мүмкiндiк. 
Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Әрекет қабiлеттiлiгi – ол адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi. Қазіргі уақытта толық әрекет қабілеттілік кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн пайда болады. Ал Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ұғымдар жаңадан қалыптасып келе, жоғары сатыда реттелуге жеткен. Адамдық ерекшелігіне бірнеше жағдайлар әсер еткен: еркіндігі мен еркін еместігі, азаматтық жағдайы, римдік отбасыдағы жағдайы, тағы басқалар. Мұндай мәртебелердің болмаған жағдайында адам азаматтық құқықта субъект ретінде қарастырылмады. Толық субъект ретінде еркін адам (тәуелсіз), әрекет қабілеттілікке ие болып 25 жасынан танылды. Мұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетіне ие болды:
Некеге тұру - jus conubii;
Мәмілелер жасау - jus commercii;
Мұра қалдыру немесе мұрагер болу - testamentifactio;
Талапкер болу.
Әйелдер, рим азаматтары бола тұра, толық құқық қабілеттілікке ие бола алмады. Ерлердің жартылай әрекет қабілеттілігі 14 жасынан басталатын, ал қыз балалардың жартылай әрекет қабілеттілігі 12 жастан басталатын. Яғни, осы жастан бастап олар некеге тұра алатын және өздеріне пайда әкелетін мәміле жасай алатын. Ал мүлікті иеліктен шығару тұралы мәмілелерді олар 25 жасқа толғанша тек қана қорғаншысының келісімімен жасай алатын.
Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқыққабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқыққабілетті деп танымайтын. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.
Рим азаматтығын алудың негізгі тәсілі - баланың дүниеге келуі болды. Рим некесінде дүниеге келген бала әкесінің жағдайын қабылдады. Ал, некеде тұрмаған әйелден дүниеге келген бала шешесінің жағдайын қабылдады. Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын.

4.БИЛЕТ
1. Консенсуалды контрактілер (жалдау, тапсырма, мердігерлік шарттар)
2. Міндеттемені орындамағаны үшін немесе мардымсыз орындағаны үшін борышқордың жауапкершілігі
3. Меншік құқығы

1. Консенсуалды контрактілер (жалдау, тапсырма, мердігерлік шарттар)


Консенсуалды контрактылар дегеніміз – ол тараптарың келісімге жеткеннен бастап күшіне енетін шарттар, яғни тараптардың құқықтары мен міндеттері келісімге тиісті нысанда жеткеннен бастап пайда болады. Ежелгі Римде консенсуалды шарттарға сатып алу сату шарты, жалдау шарты, серіктестік шарты, тапсырма шарты және кепіл болушылық шартары жататын.Ежелгі Римде жалдау шарты өз кезегінен үш түрге бөлінетін: заттарды жалдау, жұмыстар жалдау және қызметтер жалдау. Қазіргі уақытта мердігерлік шарты және қызметтер көрсету шарттары дербес шарттар ретінде қарастырылады.Мүлікті жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Жалға алған мүлікті жалға алушы бекітілген жағдайда және тәртіппен пайдалануға міндетті болады.Мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырысы бойнша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндетті.Тапсырма шарты бойынша бір тарап екінші тараптың атынан жғне соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген өкілмен жасалған мәмілелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер сенім білдірушіде пайда болады. Шарт нысаны ауызша және жазбаша да болуы мүмкін.
2. Міндеттемені орындамағаны үшін немесе мардымсыз орындағаны үшін борышқордың жауапкершілігі
Мәселен, міндетін орындамайтын борышқорды оның кредиторы нақты түрде шынжырмен, арқанмен байлап ұстайды екен. Әуелі сол шынжырдың ауырлығы да белгіленген болыпты: 15 фунт. Және де сондай борышқорларды құлға айналдыру, құлдыққа сату, тіпті өлтіру де болады екен. Жаңа дәүірге дейін төртінші ғасырда Петелий заңы бойынша борышқорды сату немесе өлтіруге тыйым салынған. Императорлық кезеңнен бастап борышқордың жеке басының жауапкершілігі орнына оның мүліктік жауапкершілігі қалыптаса келді.
3. Меншік құқығы
Меншік құқығы – заттық құқықтың негізгі және басты түрі. Бұл дегеніміз тұлғаның затты басқару, пайдалану және иелену құқықтары толық көлемде айқындалады. Меншік құқығына ие тұлғалар заттың нағыз қожайыны болып табылған.
Меншік құқығының туындау жолдарын атап өтер болсам:
1)оккупация-қожайыны бас тартқан, қожайыны мүлде жоқ немесе жаудың мүлкін басып алу нәтижесінде затты меншікке айналдыру;
2)біріктіру – тұлғаның өзіне тиісті затты басқа тұлғаның затына қосып өңдеу нәтижесінде пайда болған затты өз меншігіне өткізу.
3)спецификация – біреудің затын қайта өңдеу немесе біреудің материалынан жаңа зат жасап шығару нәтижесінде затты меншіктеу.
4) иелену көнелігі нәтижесінде пайда болатын меншік құқығы.Бұл жерде көмбе терминын ацта аламыз,яғни көне затты тапқан адам өзіне немесе жер иесімен бөліп алу.
5) өсиет бойынша өтуі;
6)заттарды беру,яғни традиция.
7) біреудің затын пайдалану нәтижесінде пайда болған жаңа затқа қатысты меншік құқығы,мысалы сиырдың сүті.
8) претордың немесе судьяның шешімімен бекітілетін меншік құқығы.
Меншік құқығының тоқтатылуы мына жағдайларда орын алды:
1)қожайынының бас тартуы;
2)заттың жойылуы;
3)затты беру,сыйлау;
4)затты тәркілеу.
5.БИЛЕТ
1. Міндеттеменің тараптары
2. Перегриндердің құқықтық жағдайы
3. Тұлғалардың түрлерi

1. Міндеттеменің тараптары


Мүліктік қатынастардың субъектілері міндеттеменің тараптары болып келеді, олардың біреуі белгілі әрекет жасауға міндетті болса, екіншісі одан сол міндетті орындауға талап етуге құқылы болады. Сондықтан екі тарап бірімен бірі тығыз құқықтық байланыста болып табылады. 12 тақтайша заңы бойынша алғашқы кезде Рим мемлекетінде бұл байланыс нақты түрде байлаудан туындапты. Мәселен, міндетін орындамайтын борышқорды оның кредиторы нақты түрде шынжырмен, арқанмен байлап ұстайды екен. Әуелі сол шынжырдың ауырлығы да белгіленген болыпты: 15 фунт. Және де сондай борышқорларды құлға айналдыру, құлдыққа сату, тіпті өлтіру де болады екен. Жаңа дәүірге дейін төртінші ғасырда Петелий заңы бойынша борышқорды сату немесе өлтіруге тыйым салынған. Императорлық кезеңнен бастап борышқордың жеке басының жауапкершілігі орнына оның мүліктік жауапкершілігі қалыптаса келді.

2. Перегриндердің құқықтық жағдайы


1. Перегрин некесiнен туылған балалар;
2. Империядан тыс жерлерде өмiр сұрген адамдарсоттың шешiмiмен,императордың қаулысымен перегрин аты берiлгендер;
3.Перегриндерге саяси құқықтық жағдай болған жоқ.
Азаматтық қатынастарда олар өздерiнiң Ұлттық құқық жұйелерi бойынша жасайтын. Пергриндерге Рим азаматтығын алуға мүмкiндiктер болатын:
1. Заң бойынша егер рим мемлекетiнде белгiлi қызмет атқаратын болса;
2. Арнайы актiлер бойынша мемлекеттiк билiк белгiлi бiр перегриндердiң тобына немесе пергринге рим азаматтығын берген жағдайда;
Перегриндер –деп Римнiң қоластындағы және оған кiрмейтiн елдердiң тұрғындары, бiрақ Рим азаматтығын да Лауицума азаматтығын да ала-алмай жұрген адамдар.

3. Тұлғалардың түрлерi


Жеке және заңды боп бөлінеді.
Жеке тұлғалар бұл рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие бола алатын субъект болуы тиіс болды.
Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Әрекет қабiлеттiлiгi – ол адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi. Қазіргі уақытта толық әрекет қабілеттілік кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн пайда болады. Ал Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ұғымдар жаңадан қалыптасып келе, жоғары сатыда реттелуге жеткен. Адамдық ерекшелігіне бірнеше жағдайлар әсер еткен: еркіндігі мен еркін еместігі, азаматтық жағдайы, римдік отбасыдағы жағдайы, тағы басқалар. Мұндай мәртебелердің болмаған жағдайында адам азаматтық құқықта субъект ретінде қарастырылмады. Толық субъект ретінде еркін адам (тәуелсіз), әрекет қабілеттілікке ие болып 25 жасынан танылды. Мұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетіне ие болды:

  1. Некеге тұру - jus conubii;

  2. Мәмілелер жасау - jus commercii;

  3. Мұра қалдыру немесе мұрагер болу - testamentifactio;

  4. Талапкер болу.

Әйелдер, рим азаматтары бола тұра, толық құқық қабілеттілікке ие бола алмады. Ерлердің жартылай әрекет қабілеттілігі 14 жасынан басталатын, ал қыз балалардың жартылай әрекет қабілеттілігі 12 жастан басталатын. Яғни, осы жастан бастап олар некеге тұра алатын және өздеріне пайда әкелетін мәміле жасай алатын. Ал мүлікті иеліктен шығару тұралы мәмілелерді олар 25 жасқа толғанша тек қана қорғаншысының келісімімен жасай алатын.
Заңды тұлға бұл құқықтық қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлға, индивид қатысып келген, яғни бұлар тек жеке құқықта ғана емес, жариялы-құқықтық саласында да көрінген. Жеке тұлғадан басқа сол Ежелгі Рим заманының өзінде заңды тұлғалардың болғанын да байқауға болады.
Заңды тұлға алғашқы көріністерін – жеке тұлғалардың біріккендіктерінен, қоғамдық мекемеле құрылуынан, қауымдастықтың пайда болуынан байқатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет