(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Театр деген не?
2.Әлемге әйгілі қандай театрларды білесіңдер?
3. «Жаңа замандағы театр» дегенде көз алдыңа не елестейді?
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
Мұғалім оқулықтағы тапсырманы орындатады. Бағыт-бағдар береді. Пікір алмасады Кері байланыс орнатады.
Дереккөздерден театр, спектакльге жазылған сыни пікірді тауып, құрылымына талдау жасайды. Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Сығай және т.б. театр туралы жазған мақалаларын пайдалануға болады.
Дескриптор: -Сыни пікірлерді табады.
-Құрылымына талдау жасайды
Жалпы - 6 балл
Оқулық
11-сынып
Атамұра
Топтық жұмыс
Мұғалім оқушыларға оқулық бойынша тапсырманы орындатады.
Пікір алмасады. Кері байланыс орнатады.
Оқушылар «Сиқырлы қоржын» ойынын ойнайды. Әр оқушы қоржыннан театр саласына байланысты сөздер мен шешендік сөздер жазылған қағазды алып, сөйлем құрайды