1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Жаңа замандағы театр



бет5/46
Дата22.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#95741
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі 4-тоқсан 11-сынып ҚГБ

Қысқамерзімді жоспар
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнер-өмір өрнегі

Бөлім:

ІІІ бөлім. Жаңа әлемдегі театр мен кинематография. Шешендік сөздер. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Тыныс белгілері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өнер-өмір өрнегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді
Кейбір оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.



Мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі таңда өнерлі болудың маңыздылығы бар ма?
2. «Өнер-өмір өрнегі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет