1. Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы



бет7/9
Дата14.02.2023
өлшемі4,05 Mb.
#67662
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ақыл (кейде Рационалдылық, ағылш. Rationality) – ақылды (rational) түрде ойлау мен әрекет ету процессі, немесе күйі болып, пайымға негізделген зерде деңгейі, саналылықтың жоғары түрі. Ақыл адам сенімінің сену негізіне сай келуін, әрекетінің әрекет ету негізіне сәйкес болуын білдіреді. Ақыл ұғымы философияда көп мағыналы, ол сондай-ақ экономика, әлеуметтану, психология, эволюциялық биология, ойын теориясы және саясаттану секілді әртүрлі салаларда арнайы мағыналарға ие.

  • Ақыл (кейде Рационалдылық, ағылш. Rationality) – ақылды (rational) түрде ойлау мен әрекет ету процессі, немесе күйі болып, пайымға негізделген зерде деңгейі, саналылықтың жоғары түрі. Ақыл адам сенімінің сену негізіне сай келуін, әрекетінің әрекет ету негізіне сәйкес болуын білдіреді. Ақыл ұғымы философияда көп мағыналы, ол сондай-ақ экономика, әлеуметтану, психология, эволюциялық биология, ойын теориясы және саясаттану секілді әртүрлі салаларда арнайы мағыналарға ие.
  • Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат
  • Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
  • Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

4. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы.

  • Ибн-Сина. Аристотель секілді Ибн-Сина да рух пен дене арасында өте жақын байланыс бар екендігін айтады. Бірақ Ибн Сина Аристотельдің екі жауһар пікірін теріске шығара отырып, дуализмдік көзқарасты қолдайды. Оның рух пен дене турасындағы көзқарасы әрі қызықты, әрі терең мағынада айтылған. Ибн Сина адам рухының денеге мұқтажсыз бар болу құдіретіне ие болған жауһар екендігін анықтау үшін екі дәлел келтіреді. Біріншісі –өзімшілдік түсінігі, екіншісі ақылдың материалды емес болғанын анықтайды.

Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китапаш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құра алмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады.

  • Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китапаш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құра алмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады.

Ибн Синаның бұл дәлелі Декарттың «Ойлану қабілетінде болсам, онда мен бармын» деген пікіріне ұқсас келеді. Бірақ бұл жерде маңызды айырмашылық бар. Декарттың пікірінде мынандай бір сұрақ туады: «Менің бар болуым логикалық тұжырым ба, әлде түсіну қабілетінің тікелей нәтижесі ме? Бұл сұрақтың жауабы не болса да, декарттық «түсінік» пен «мен» екеуінің бір нәрсе болғандығын аңғарамыз. Олай болса, меннің түсінігі мен оның болмысының логикасы ретінде бір-бірімен айырылмас халде болғандығы анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет