2. Сана және бейсаналық. Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К. Юнг – архетиптер мен ұжымдық бейсаналық.
Адам мен қоғам өмірінде бейсаналықтың рөліне назар аударған фрейдизмнің негізін қалаушы - австриялық ғалым - психиатр Зигмунд Фрейд болды.
Оның пікірінше, “бейсаналық - санамен қатар тіршілік ететін және белгілі дәрежеде сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық”
Бейсаналықтың ерекше көрінісі – ұйықтап жатқан адамның түсіндегі бейнелер. Фрейдтің пікірінше, түс - шын өмірде іске аспай жасырын жатқан адам тілектері мен ұмтылыстарының орындалуы мен көрініс беруі.

Фрейдтің ең танымал философиялық идеясы – ИД, эго және суперэго туралы түсінік. ИД, эго және суперэго – бұл біздің жеке басымыздың негізгі үш құрамдас бөлігі. Ид – бұл примитивті және ұтымды санадан тыс әрекет ететін агрессия. Эго – бұл сыртқы физикалық және әлеуметтік кеңістікті бағалайтын “мен”. Суперэго – бұл эго басқаратын адамның моральдық мәні. Суперэгоны бұзу кінә мен мазасыздықты тудырады.Яғни қысқаша және нақты айтатын болсақ:Ид – бейсаналық немесе жасырын инстинкттер, түпсана немесе ығыстырылған табиғи импульстарға арналған “гараж”;Эго – сана, тұлға құрылымының “бет-бейнесі”;Суперэго – жеке құрылымның ең үлкен бақылау органы, цензура немесе ар-ождан.